Бишімбаев: Тұрғын үй бағдарламасына орташа жалақы алатындар қатыса алады

100 мың теңге орташа жалақы жалға берілетін тұрғын үй жаңа бағдарламасына қатысуға жеткілікті, деп есептейді "Ұлттық "Байтерек" басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.Бишімбаев: Тұрғын үй бағдарламасына орташа жалақы алатындар қатыса алады

"Бүгіндері бір адам басына орташа жалақы 100 мың теңге болса, және жұмыс істейтін адамдар екеу болса, біз онда осы бағдарлама дәл осындай топтарға арналған деп есептейміз, ал бағдарлама елбасының халыққа жолдауынан шығатын болсақ, ең біріншіден жас буынға есептелген", - деді Қуандық Бишимбаев бейсенбі күні мәжілісте "Байтерек" тұрғын үй құрылысының бағдарламасын іске асыруды талқылау барысында. Оның айтуынша, Астана мен Алматыда жал ақысы 52 мың теңге шамасында болмақшы. "Бұл ешқандай салықсыз, яғни адам ай сайын 52 мың теңге төлейді. Аталған бағдарлама бойынша берілетін пәтер ауданы 80-85 шаршы метрден аспайды. Екі бөлмелі пәтерлер 50-55 шаршы метрдей. Және бір бөлмелі пәтерлер 30-40 шаршы метр шамасында. Осылайша, Астана мен Алматыда мөлшері 50 шаршы метр болатын пәтерді жалға алу ақысы орташа алғанда, салықсыз, 52 мың теңге болады", - деп түсіндірді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, өңірлердегі "ауданы 52 шаршы метр болатын баспананы жалға алу ақысы 42 мың теңге шамасында болады".

Одан басқа, ол "жас отбасы" жасы ұлғайтылатынын айтты. "Біз үкіметпен бірлесіп, осы пәтерлердің 50%-на жасы 35-ке толмаған жас отбасылар үміт ете алатындай жағдай қарастырдық. Біз "жас отбасы", "жас жігіт" анықтауларынан, заңда "29 жасқа дейін" деп көрсетілгенімен, кеттік. Бағдарлама аясында ол шекті 35-ке дейін деп анықтаймыз", - деді Бишимбаев. "Жалпы алғанда біз 2015 жылғы наурыз-сәуір айларында бағдарлама мен елбасының тапсырмаларын орындауды бастай аламыз, яғни азаматтарға келешекте сатып алатындай мүмкіндігімен баспаналарды жалға бере бастаймыз", - деді ол. Еске салсақ, бұрындары Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылға дейін 1,4 млн шаршы метр баспана салынады, оның ішінде 60% жалға берілетін баспана Астана, Алматы, Шымкент пен Ақтөбеде салынады, деп мәлім еткенді. Кейін ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағындықов жаңа бағдарламамен жалға берілетін 1,5 млн шаршы метрдей болатын баспана құрылысы 2015 жылы 1 қаңтарда басталатынын жеткізді. 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында президент Қазақстанда әлеуметтік баспана берудің жаңа бағдарламасы іске қосылатынын , оған алғашқы жарна керек болмайтынын, және жылдық 1-2%-бен берілетінін айтты. Оның айтуынша, алғашқы жарнаның болмауы және пайызының төмендігі оны халықтың көпшілігіне қол жетімді ете алады.

Источник: КазТАГ