Жасы 35-ке дейінгі отбасылар жаңа бағдарлама бойынша пәтер ала алады

20
5005

©vkusnovsem.org

Қазақстанда 35 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер ала алатын болды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысында «Бәйтерек» «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бағдарлама жас отбасыларға арналған, біз Үкіметпен бірге жасы 35-ке дейінгі азаматтардың да пәтерлерге үміткер болуын қарастырып жатырмыз. Барлық пәтердің 50 пайызы жас азаматтарға, жасы 35-ке дейінгі отбасыларға ұсынылатын болады. Біз «жас отбасы» ұғымының заңда 29 жасқа дейін деп көрсетілген анықтамасынан бас тартып, осы бағдарламаның мақсаты үшін бұл межені 35-ке дейін ұлғайтамыз», – деді Бишімбаев. Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде жас отбасылардың жас шамасы 29-дан 35-ке дейін өзгертілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Бишімбаев жаңа бағдарлама бойынша баспаналардың тек кезекте тұрған адамдарға ғана бөлінетінін айтты. «Бұл бағдарламаға үміткерлерді 2014 жылғы 11 қарашадағы мәлімет бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж немесе баспанасы жоқ азаматтар арасынан жасақтаймыз», – деді ол.

Сонымен бірге, бағдарлама арқылы көпбалалы отбасылар, толымсыз отбасылар, жетім балалар, білім беру, денсаулық сақтау саласы жұмысшылары мен мемлекеттік қызметкерлер де пәтер ала алады. «Баспаналардың 50 пайызы жасы 35-ке дейінгі, тұрғын үйі жоқ, жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған отбасыларға беріледі, қалған жартысы кезекте тұрған әлеуметтік әлжуаз топтарына беріледі», – деді Бишімбаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» саясаты аясында жаңа тұрғын үй бағдарламасының қолға алынатынын 2014 жылғы 11 қарашада жария етілген Жолдауында айтқан еді. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй алғашқы жарнасыз әрі пайызсыз берілуі тиіс. Сонымен бірге, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспананың бір шаршы метрініңқанша тұратыны да жария етілді.

Әсемгүл Қасенова

tengrinews.kz

20 ПІКІРЛЕР

  1. Салеметсизбе менин жасым 26да мен Актау каласында турамын куйеуим жок 2кызым бар жалгыз басты анамын озим 5жылдан бери уй жалдап турамын.бизге кандай мумкиндиктер бар кужатты кайда тапсырамыз.Актау каласында барма?

  2. Жас семиямыз 3бала шаға 4не аяғым ауыр шымкен обылысынан үкімет жұмысын істемейміз және күйеуімнің атында кредит бар біз кезекке тұраламызба

  3. Жас семиамиз басимизда баспанамиз жок жалдамали патерде турамиз.Биздин 2 баламиз бар 3-не аягим ауир бизге тиркелуге болама? Бизге жауап келеме

  4. Менин жолдасым 2 санаттагы мугедек жасы 36 га шыкты 2 баламыз бар. Бизде ауылда бир уйлик жеримиз бар бирак баспана салуга жагдайымыз жок. Бизге уйге кезекке туруга боладыма. Бизге жауап кайтадыма

  5. Менин жолдасым 2 санаттагы мугедек жасы 36 га шыкты 2 баламыз бар. Бизде ауылда бир уйлик жеримиз бар бирак баспана салуга жагдайымыз жок. Бизге уйге кезекке туруга боладыма

  6. жерді кашан береді ? тек айтылып койып жатыр ма ? жогарыдагы кокелер биздин турып жатқан жеримизде сиздер бир кунде турмайсыздар , сондыктан халықтын әсіресе жастардын жайын ойлагандарыныз дұрыс тездетип

  7. Ақтөбеде қашан болады бағдарлама бойынша құжат тапсыру, көп балалы дәрежесімен қандай құжаттар қажет, 3 жылдан бері банк салымшысымын және квадрат метр каншадан болады

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз