Тарихшылар қазақтың ою-өрнегінің киімдерге беталды тігіле беруіне қарсы шықты

Қазақтың ою-өрнектері төңірегінде үлкен дау басталғалы тұр. Ұлттық құндылығымыздың қазіргі қолданысына көңілі толмаған тарихшылар оның киім-кешектерге беталды тігіле беруіне қарсы.Тарихшылар қазақтың ою-өрнегінің киімдерге беталды тігіле беруіне қарсы шықты

Айтуларынша, қалтаның қамын көздеген дизайнерлер халық өнерін қалай болса солай пайдаланып жүр. Яғни қазақтар ежелгі дәуірден көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан көне өнерді бейберекет бұрмалап, ал оюларымызды ойыншық еткен. Көшпенділердің тыныс-тірлішігін зерттеумен айналысатын қазақ ғылыми институтының директоры Ирина Ерофееваны қазақ ою-өрнегінің қазіргі ахуалы қатты алаңдатқан. "Қазіргі дизайнерлер қазақ тарихынан мүлде хабарсыз. Ою-өрнектерді әрқайсысы бейберекет әрі орынсыз пайдаланып жүр. Мәселен, киімдерін сату мақсатында олар оюларды тым үлкейтіп немесе пішінін мүлдем өзгерте салады. Бұл барып тұрған сұмдық қой! Сондықтан, оларға қатаң шара қолдану керек деп есептеймін", - дейді ол.

Тарихшының айтуынша, әсіресе қазіргі дизайнерлер арзан атақ пен сәннің соңына еріп, салт-дәстүрді сақтауды мүлдем қойған. Қызға да, келіншекке де бірдей оюларды пайдалана береді екен.

Тек қолөнердің қыр-сырын әбден меңгерген Айгүл тарихшылардың таққан бұл сынымен мүлдем келіспейді. Белгілі дизайнер қазақ ою-өрнегін көйлектің жеңіне де, етегіне де түр-түрімен тігіп жүр. "Неге болмасқа? Болу керек деп ойлаймын мен. Оюды былай да былай да әртүрлі қылып келтіріп, ерекше қылып жасап жатқан дизайнерлерді тек қана қолдаймын. Мүмкін келешекте бұны түсінетін адамдардың саны көбейеді. Өйткені бір кезде біз мүлдем қазақтың киімінен өзіміздің киім-кешегімізде қазақтың оюларын жоғалтып алдық", - дейді Айгүл Жансерікова. Өзінің жеке киімдер топтамасы бар сәнгер, тіпті, қыздарға да арнап ұзын шапандар тіккен. Оған "қошқар мүйіз", "қос мүйіз", "шытырман" деп аталатын түрлі оюларды пайдаланыпты. Арасында өзі де ойлап тапқан оюы бар. Халық қарасы қалың Алматы қаласының қақ ортасы. Қайда қарасаң да италиялық теріден немесе қытайдың жүнінен тігілген киімін киген жұрт. Ал әдемілік пен сәнді ерекше ұстанатындар тіпті сонау Ресейден де иленген түрлі тондарды алдырып жатады. Тек осынау киім өнеркәсібінің ішінде қазақтан шыққан, тіпті, қолғап та жоқ. Еске сала кетсек, бұған дейін қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген ұлттық киіміне тапсырыс беретін адамдардың аздығына шағымданған алматылық стилист мектеп формасын қазақи нақышта тігуге шақырған еді. Жеке стиль бойынша кеңесші Мәди Бекдайыр шапанды мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде киіп жүру керектігін айтқан болатын.

Источник: КТК арнасы