Мүсіндегі музыка

3
3160

                                  Халқын шексіз сүйген мүсінші Төлеген Досмағамбетов хақында

Қазақ еліндегі монументтік-мүсін өнерінің классигі саналатын Төлеген Досмағамбетовтің есімі сырт мемлекеттерге де ерте танылды. Алайда кейбір шетелдік өнер сыншылары оны тек өз ұлтының аясындағы шебер ретінде бағалауға тырысқанын да білеміз.

Қазір қарасақ, сол пікір аса негізсіз де емес секілденеді. Айталық, оның «Ақан сері – Құлагер», «Біржан сал» сынды бірқатар туындылары немесе қазақтың ардақты ұл-қыздары – Шоқан, Абай, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ілияс Жансүгіров, Әліби Жангелдин, Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Бибігүл Төлегенова, Тоқтар Әубәкіров, т.б. портреттері әлгіндей бағаға тікелей негіз болатындығы да даусыз.

                                                             Ақан Серінің мүсіні
Дегенмен, кейбір әлем танитын аузы дуалы сарапшылар Төлегеннің айшықты қолтаңбасы арқылы ұлттық деңгейден шырқау биікке ерте көтеріліп, дүниежүзілік мәдениетке елеулі үлес қосқанын лайықты бағалайды. Мәселен, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Игорь Светлов: «Төлеген Досмағамбетов өзінің әу бастағы ұлттық образдары арқылы көрерменін жалпыадамзаттық идеалдарға бастай білді. Жалпы, оның басты ерекшеліктерінің де бірі сонда еді. Ол өз қаһармандарының күрделі, кейде тіпті, драмалық өмір тарихын ашуға ұмтылды. Әр кейіпкерінің қайталанбас жеке болмысын ашуға күш салды. Мұның бәрі, сайып келгенде, әлемдік мәдениетке қосылған зор үлес еді» деген болатын.
Кезінде аса беделді басылымдар санатынан көрінген «Советская скульптура наших дней» (Мәскеу, 1972 жыл) кітап-альбомы да: «Төлеген Досмағамбетов – Қазақ­стан­дағы болашағынан үлкен үміт күттіретін ең дарынды жас мүсіншілердің бірі» деп жазған екен.
Бұл үміттің артығымен орындалғаны мәлім: Төлеген көп ұзамай-ақ еліміздегі мүсін өнерінің көкжиегін айтарлықтай кеңейткен, өз заманының аса ірі өнер тұлғасына айналады.

                               Шоқан Уәлихановтың мүсіні
Төл мәдениетімізге жетіктігімен қатар, әлемдік өнер тарихымен жақсы таныс Төлеген Досмағамбетовтің энциклопедиялық білімі оған өте терең мағыналы шығар­малар туғызуға жәрдем­десетінін байқаймыз.
Туған елін шексіз сүйген шебер, әсіресе, өзінің көптеген монументтік дүниелерінде жеке тұлғалардың тағдырын Отанымыздың тағдырымен, сондай-ақ өткен тарихымызды бүгінгі күн тынысымен ұштастыруға ұмтылғанын аңдаймыз.
Білікті сыншылар Тө­леген­нің әр шығармасында шалқар шабытпен бірге асқан ұстамдылықты, қара­пайым­дылықты және үлбіреген нәзік­тікті қатар беретін қы­рына баса тоқталады.
Олар Төлеген туындылары энергетикасының айрықша тартымдылық сырын, қолтумалар мазмұнында Құрманғазы мен Тәттімбет күйлеріндегідей алма-кезек ауысып отыратын адуындылық пен сыршылдықты шебердің ерекше талант құдыретімен бай­ланыстыратынын да білеміз.
Әлбетте, өнердегі кез келген жетістік ең алдымен асқан ізденімпаздық пен ерен еңбекте жататыны әлімсақтан мәлім. Әуелден өз мәнерін талмай іздеген мүсіншінің белгілі шеберлік шыңына ұзақ жылдар төккен маңдай терінің арқасында жеткені даусыз.
Төлеген Досмағамбетовтің шығармашылық тұрғыдағы «екінші тынысы», көбінесе, еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы 1991 –2000 жылдары кең ашылғаны да аян. Ежелгі мәдениеттің бас­тау көздері мен бертінгі тарихымыздағы кезеңдерді сәтті ұштастырған ол «Томирис», «Адам», «Алғашқы түркі», «Барыстар», «Рейхстаг төбесіндегі ту – Р.Қошқарбаев», аталатын еңбектерін жасады. Бұл кезеңде суреткердің шығармашылық ойы мей­лінше байып, кеңейе түскен­дей әсер қалдырады.
Өз дәуірінің адал перзенті еліміздің жаңа астанасы ірге көтерген сәтте асқан белсенділік танытады. Бүгінгі басты көпірдегі «Барыстар» мен «Еуропалас» мейманханасы алдындағы – «Арыстандар» мен «Қыран» – Аста­надағы ең алғашқы мону­ментті-декоративті композициялар.
Әлемдік мүсін тари­хын­да өз орны бар Төле­ген Дос­мағамбетовтің шығар­ма­шылық жолы Қазақ елі өне­рінің жай ғана құрамдас бөлігі емес, мәдениетіміз дамуын­дағы қайнар көздей сезіледі.
Тек, ұлттық мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан осынау асқар тұлғаны кейінде өнертанушы мамандардың да, журналистердің де көп еске ала қоймайтыны ғана аздап өкінтіп қоятыны жасырын емес.

        Құлтөлеу МҰҚАШ

 

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. С Толегеном Сабитовичем Досмагамбетовым я познакомился, можно сказать, по воле случая. На доме моего учителя, Мурата Абеновича Айтхожина, Президента академии наук КазССР, рано ушедшего из жизни, надо было установить мемориальную доску с его барельефным изображением. Идя домой из института я наткнулся на дом художников, перед которым стояли ещё незаконченные скульптуры. И сразу попал в мастерскую Толегена Досмагамбетова на первом этаже. Он оказался в мастерской. Познакомившись и сказав цель визита, мой взгляд сразу попал на многочисленные скульптурные портреты. Он ещё кого-то лепил. Невозможно было не узнать Каныша Имантаевича Сатпаева. Мои посещения стали нередкими. Мы подружились. Так, мне, видавшему скульптуры только в книгах, на площадях, в скверах и на могилах, посчастливилось с самого начала следить за творчеством одного скульптора, которого в Казахстане ещё тогда называли выдающимся.
    Позже, то ли союз художников Казахстана, то ли Правительство республики объявил конкурс на памятниик К. И. Сатпаеву. На конкурс поступило много скультур. Он проходил в выставочном павильоне, кажется, на называвшейся тогда улицей Мира. На многих из них Сатпаев изображен с рюкзаком на спине и геологическим молотком и куском руды в руке. Женщина, ведущая конкурс (по-видимому, состояла в жюри) говорила о том, что у Досмагамбетова Сатпаев смотрит в сторону, а не прямо, на что я ответил, что Сатпаев смотрит вокруг себя, обозревает. Великого человека с широким интеллектальным кругозором не надо ограничивать его профессией. Так говорил Толеген Досмагамбетов.
    Меня удивляла динамика в работах скульптора. У Досмагамбетова Сатпаев шагал по планете. И это верно. Ведь в его честь назвали планету. Многие изображения в движении. Даже сидящий Ильяс Жансугуров готов спрыгнуть с камня.
    Сатпаев в оригинале в пластилине выглядел намного лучше, чем на постаменте перед КазНТУ.
    И к сожалению, Сатпаев на памятнике перед КазНТУ, носящий его имя, изображен с куском руды в руке.
    К великим делам тянутся великие и выдающиеся личности. Так создаются школы, и не обязательно по профессии. Наш выдающийся поэт Олжас Сулейменов оказывается в молодости тоже выучился на геолога. Его я впервые увидел по омскому телевидению, который организовал телефестиваль в 1963 году. Передачу казахского телевидения вел незабвенный телеведущий Ласкер Сеитов. Поэт проникновенно читал свои знаменитые «Аргымаки». Скульптор «поймал» в бюсте этот «аргымакский» дух, который будет присутствовать как в поэтическом так и политическом творчестве поэта. Не знаю, почувствовал ли поэт это в своем бюсте.
    Его первая супруга Ольга Георгиевна Прокофьева тоже скульптор, тоже лауреат госпремии КазССР, соавтор многих работ. Сын – тоже скульптор. Кокшетауская династия художников. Этот край дал стране великих и выдающихся поэтов, писателей, и теперь, можно сказать, художников.
    Особенно велика роль кокшетауской земли, где сорок восемь лет находился великий Абылай хан, организуя победу над джунгарами.
    К сожалению, упраздненная область, жемчужина – Среднего Жуза, как и другие упраздненные области, наверное чувствует тоску, если не иное.

    Спасибо Култолеу Мукашу и кандидату искусствоведения Сауле Беккуловой и другим за статьи в интернете.

    Хизат Дощанов, кандидат биологических наук, лауреат премии Всесоюзного Ленинского комсомола (1979 г.)

  2. С Толегеном Сабитовичем Досмагамбетовым я познакомился, можно сказать, по воле случая. На доме моего учителя, Мурата Абеновича Айтхожина, Президента академии наук КазССР, рано ушедшего из жизни, надо было установить мемориальную доску с его барельефным изображением. Идя домой из института я наткнулся на дом художников, перед которым стояли ещё незаконченные скульптуры. И сразу попал в мастерскую Толегена Досмагамбетова на первом этаже. Он оказался в мастерской. Познакомившись и сказав цель визита, мой взгляд сразу попал на многочисленные скульптурные портреты. Он кого-то лепил ещё. Было невозможно не узнать Каныша Имантаевича Сатпаева. Мои посещения стали нередкими. Мы подружились. Так, мне, видавшему скульптуры только в книгах, на площадях, в скверах и на могилах, посчастливилось с самого начала следить за творчеством одного скульптора, которого ещё тогда называли выдающимся в Казахстане.
    Позже, то ли союз художников Казахстана, то ли Правительство республики объявил конкурс на памятниик К. И. Сатпаеву. На конкурс поступило много скультур. Он проходил в выставочном павильоне, кажется, на тогдашней улице Мира. На многих из них Сатпаев изображен с рюкзаком на спине и геологическим молотком и и куском руды в руке. Женщина, ведущая конкурс (по-видимому, состояла в жюри) говорила о том, что у Досмагамбетова Сатпаев смотрит в сторону, а не прямо, на что я ответил, что Сатпаев смотрит вокруг себя, обозревает, великого человека с широким интеллектальным кругозором не надо ограничивать его профессией. Так говорил Толеген Досмагамбетов.
    Меня удивляла динамика в работах скульптора. У Досмагамбетова Сатпаев шагал по планете. И это верно. Ведь в его честь назвали планету. Многие изображения в движении. Даже сидящий Ильяс Жансугуров готов спрыгнуть с камня.
    Сатпаев в оригинале в пластилине выглядел намного лучше, чем на постаменте перед КазНТУ.
    И к сожалению, Сатпаев на памятнике перед КазНТУ, носящий его имя, изображен с куском руды в руке. К великим тянутся великие и выдающиеся. Так создаются школы, и не обязательно профессиональные. Наш выдающийся поэт Олжас Сулейменов оказывается в молодости тоже выучился на геолога. Его я впервые увидел по омскому телевидению, который организовал телефестиваль в 1963 году. Передачу казахского телевидения вел незабвенный Ласкер Сеитов, одновременно телеведущий и диктор. Поэт проникновенно читал свои знаменитые «Аргымаки». Скульптор «поймал» в бюсте этот «аргымакский» дух, который будет присутствовать как в поэтическом так и политическом творчестве поэта. Не знаю, почувствовал ли поэт это в своем бюсте.
    Его первая супруга Ольга Георгиевна Прокофьева тоже скульптор, тоже лауреат госпремии КазССР, соавтор многих работ. Сын – тоже скульптор. Кокшетауская династия художников. Этот край дал стране великих и выдающихся поэтов, писателей, и теперь, можно сказать, художников.
    Особенно велика роль кокшетауской земли, где сорок восемь лет находился великий Абылай хан, организуя победу над джунгарами.
    К сожалению, упраздненная область, жемчужина – Среднего Жуза, как и другие, наверное чувствует тоску.

    Спасибо Култолеу Мукашу и кандидату искусствоведения Сауле Беккуловой и другим за статьи в интернете.

    Хизат Дощанов, кандидат биологических наук, лауреат премии Всесоюзного Ленинского комсомола (1979 г.)

  3. Абайдын жамбыл мухтар сакен шоканды халыктын козине бейнесин жасап халыктын алдында корсету улкен ганибет бул болашак урпакка улги онеге .Ал кошелерге осы кисилердин есимдерин жазып илип кою булда онеге емеспе

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз