Медведев Назарбаевпен кездесуге қалың табанды аяқ киіммен келді

Ресей премьер-министрі қалың табанды аяқ киімімен қазақстандық журналистерді таңқалдырды деп жазадыNUR.KZ.

Медведев Назарбаевпен кездесуге биік өкшелі аяқ киіммен келді Медведев Назарбаевпен кездесуге биік өкшелі аяқ киіммен келді Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінен фото жариялаған болатын. Суретте саясаткерлердің аяқ киімі де кадрға ілінген.

Қазақстан президенті классикалық аяқ киім киіпті. Ал Ресей министрлер кабинетінің басшысының таңдауы бес сантиметрлік қалың табанды туфлиге түскен. Осылайша, Дмитрий Медведев бойының қысқалығын (163 см) білдірмеуді ойласа керек. Бейресми мәліметтерге қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың бойы 170 см екен. Ресей президенті Владимир Путиннің бойы да 170 см. Бойы ұзын саясаткерлер қатарына Грузия мен Украинаның бұрынғы президенттері Михаил Саакашвили мен Виктор Янукович бар. Олардың бойы – 192 см. Медведев Назарбаевпен кездесуге биік өкшелі аяқ киіммен келді Беларусь пен АҚШ президенттерінің бойы да ұзын адамдар қатарына жатады. Барак Обаманың бойы – 188 см, Александр Лукашенконың бойы – 188 см. Бойы ең кіші саясаткерлер қатарына Дмитрий Медведев (163 см), Солтүстік Кореяның бақилық болған басшысы Ким Чен Ир (162 см) және Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад (157 см) енген.

Источник: NUR.KZ