Медведев Назарбаевпен кездесуге қалың табанды аяқ киіммен келді
2014 ж. 15 желтоқсан
2386
1
Ресей премьер-министрі қалың табанды аяқ киімімен қазақстандық журналистерді таңқалдырды деп жазадыNUR.KZ.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуінен фото жариялаған болатын. Суретте саясаткерлердің аяқ киімі де кадрға ілінген.
Қазақстан президенті классикалық аяқ киім киіпті. Ал Ресей министрлер кабинетінің басшысының таңдауы бес сантиметрлік қалың табанды туфлиге түскен. Осылайша, Дмитрий Медведев бойының қысқалығын (163 см) білдірмеуді ойласа керек.
Бейресми мәліметтерге қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың бойы 170 см екен. Ресей президенті Владимир Путиннің бойы да 170 см. Бойы ұзын саясаткерлер қатарына Грузия мен Украинаның бұрынғы президенттері Михаил Саакашвили мен Виктор Янукович бар. Олардың бойы – 192 см.
