ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЕГЕМЕНДІГІН НЫҒАЙТУ

0
2829

1991 жылының 16 желтоқсан күні ең маңызды тарихи оқиғалардың қатарына тәуелсіздік пен еркіндік қағидаларында негізделген қазақ мемлекеттілігінің жаңа кезеңнің санау нүктесі ретінде кірді. Қазақ мемлекетінің ең негізгі мақсаты қазақ азаматтардың әл-аухат деңгейін өсіру, қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету және халқымыздың алдында турған тарихи міндеттерді орындауға мықты серпін беру.

Тәуелсіздік күні туған Отанымызбен, оның тарихымен, Отанымыздың қазіргі күні мен болашағымен біздің ажырағысыз байланыс бар екенін көрсетеді. Қазақстанымызды біз бәріміз аса мықты, еркін және дамыған мемлекет ретінде көргіміз келеді.
Ұлттық құндылықтарды сақтап, отаншылдық сезімімізді нығайтып біз бәріміз ерең еңбек етсек, алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз.
Тәуелсіздік алу жолында Қазақстан көп ғасырлық тарихи жолды басынан өткізді. Еліміздің тәуелсіздігі бұл ұлттық мүдделерді қорғаған оның азаматтарының асқан ерліктерінің және ерең еңбектерінің жемісі. Мысалы, ол Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова. Оларды еске алу мен оларға құрмет көрсету бізді бәрімізді біріктіріп жатыр.
16-желтоқсан күні 1991 жылы мемлекеттік егемендік туралы заң қабылданды, содан бері біз еліміздің ең басты мерекесін тойлап келеміз. Бұл мереке біздің елімізде туратын миллиондаған азаматардың тағдырына әсер етті, шетелде тұратын қандастарымыз үшін де бұл өте қымбат мереке. Ғасырлар бойы қазақ мемлекеті құрылған, оны біздің бабаларымыз ерең еңбекпен, шабытпен және асқан ерлікпен құрған.
Тәуелсіздік – еліміз үшін айтулы әрі орны ерек ұлық мереке. Осы азаттық үшін қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір арайлап атқан таңын қайғы-қасіретпен, түрлі зұлматпен, ауыз айтуға бармас зобалаңмен өткізді. Азат ел болып, өз алдына туын тігіп, өзгелермен терезесі теңдей ғұмыр кешу бақытын олар аңсады, армандады, осы жолда күресіп бақты. Талай ұлыларымыз, асылдай азаматтарымыз бен рухты қыздарымыз осы жолда жанын пида етіп, құрбан болды. Құдайға шүкір, бүгінде қазақ елі бабалар аңсаған, армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Биыл өз алдына тәуелсіз мемлекет болғанымызға 23 жыл толды. Өткен мен бүгінді сабақтастыра отырып, тәуелсіздікке тәуба жасап, егемендігімізді онан әрі баянды ету бүгінгі ұрпақ еншісі. Егемендігіміздің қадір-қасиетін бағалап, біз оны өзіміздің ерең еңбегімізбен одан ары нығайта беруіміз керек деп білемін.
Өз уақытында Тәуелсіздік күні біздің еліміздің, біздің бірлігіміздің және өткеніміз бен қазіргі күніміз үшін жауапкершілігіміздің рәмізі болды. Тек бірлік пен әлеуметтік әріптестік арқылы, бәріміз күш қуатымыз жұмсасақ қана, біз үлкен жетістіктерге қол жеткізетін боламыз. Бүгінгі таңда, еліміздің дамуы, мемлекетіміздің қазіргі күні мен болашағы әрбір азаматтың еңбегіне, жігерлігіне және азаматтық жауапкершілігіне байланысты.
Біздің ортақ құндылықтарымызды түсінетін және оларды жоғары бағалайтын азаматтар Тәуелсіздік күнін тойлайды, ал біздің ортақ құндылықтарымыз осы: туған мемлекетті мақтан ету, Отанның гүлденуі үшін ерен еңбек ету және өз еліне, отбасыңа, туыстарыңа және туған топырағыңа шексіз сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың қамын ойлауды, ұлттық құндылықтарды сақтауды басымдылық ретінде белгілеген мықты мемлекет қана шын мәнінде егеменді мемлекет бола алады. Біз бәріміз өткенімізді құрметтеп, Қазақстанымыздың тағдырын ойлап тұруымыз керек деп білемін. Тәуелсіздігімізді қорғау, ұлттық мүдделерді қорғау, Қазақстанымыздың қарқынды дамуына өз үлесін қосу республикамыздың әрбір адал азаматтың міндеті деп білемін.
Тәуелсіздік күні Отанымыздың қазіргі күні мен болашағын талқылауға жақсы сылтау, Отанымызды қуаттандырып дамыту үшін не істеу керек, не істеуіміз керек, осыны ойланып көрейікші, ардақты ағайын! Қазақстанның әрбір адал азаматы жемісті еңбекпен Отанымызды күшейтіп оның дамуына көмектесу керек, өзінің терең ойларымен және пайдалы бастамаларымен елімізді қуаттандыру керек, өзінің парасатты азаматтық көзқарасымен еліміздің ұлттық мүдделерін қорау керек деп білемін.
Рүстем ДОСЫМҚҰЛТЕГІ,
Астана қаласы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз