Интернетте Жамбыл мен Чайковскийді келеке еткен тағы бір сурет пайда болды

1
2273

Ентернетте қазақ және орыс мәдениетінің ірі өкілдері Жамбыл Жабаев пен Петр Чайковскийдің плакаты пайда болды. Аталмыш суретте екі өнер майталманын бір кеспені бірігіп жеп отырғаны бейнеленген.

В интернете появился постер с Чайковским и Жамбылом

Бұл суретті әзірлеген адамның кім екені әзірге белгісіз. Бірақ тиісті құзырлы органдар автордың кім екенін анықтау жұмыстарын бастап кетсе керек.

Осыдан біраз уақыт бұрын Құрманғазы пен Пушкинді сүйістіріп қойғанда бір топ өнер өкілдері бас көтеріп, аталмыш суретке қатысы бар Алматыдағы гей клубтың алдында қарсылық акциясын өткізген еді. Сол постердің авторлары ақыры сотқа тартылғанын да білеміз.

Енді міне… Абыз ақын Жамбыл мен ұлы сазгерді келемеж еткен жаңа плакат пайда болды. Мамандардың айтуы бойынша бұл қазақ қоғамындағы қызтекелерге деген қарсылық үшін әдейі ұйымдастырылып жатқан шаралар.

Мұндай ерсі дүниелер бұрын да бар еді. Мысалы, Вагрич Бахчанян коллаждарындағы Лениннің кескіндемесі немесе Даниил Храмстың әзіл-оспақтарындағы Пушкин мен Гоголь…

Дегенмен, қазақ танымы, қазақтардың тәрбиесіне жат нәрсені насихаттау ұлтқа тікелей қарсы әрекеттер деп бағалануы қажет. Жақсында айналымға шыққан «Келинка Сабина» фильмі де қазақ менталитетіне қарсы дүние екені айдан анық. Бұл ұлтты қорлайтын фильм! Осындай дүниелерге билік тарапынан неге шектеу қойылмайды?!

Исламды ұстанған иманды халықтың намысын осылай қорлағандарға ең қатаң жаза қолдануы шарт!!!

qazaquni.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз