Әкімдердің ішінде ана тілін түсінбейтіндері де бар. 6 желтоқсанда Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің мінберінен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов есеп берді деп жазады "Жас қазақ" газеті.
Ол баяндамасының әр жерінде қазақша сөйлеген. Сұрақ-жауапқа кезек келгенде Сұлтанов "қатты тұрмыстық қалдық" деген сөзді түсінбей, масқара болды.
Ақиқатын растау үшін Baq.kz тілшісі Ая Өміртай мен Ерік Сұлтановтың арасындағы диалогты қаз-қалпында келтірелік:
– Солтүстік Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі қандай және қаншасы қайтадан өңделді?
–
Бірінші сұрақ тұрғын үй деп айттыңыз ба?..
– Жоқ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және оның көлемі?
–
Тағы да?..
– Қатты тұрмыстық қалдықтар.
–
Я не слышу немножко.
– Өңірдегі тұрмыстық қалдықтар.
–
Сыртқа шығайын. Сізге сосын жауап беремін!
Ерік Хамзаұлы кейбір сауалдарға қазақша және орысша екі тілде жауап берген.
"Жас қазақтың": "Облыста елбасының қатысуымен ашылып, қазір жұмыс істемей тұрған қанша кәсіпорын бар?" деген сауалына ол: "Елбасы ашқан кәсіпорындардың бәрі жұмыс істеп тұр" деп таңдайын тақылдатты.
Ал "Ойл ньюс" тілшісінің осындай сауалына: "Бұл мәселеге талдау жасадық. Бізде бірнеше жыл тоқтап тұрған, жақсы жабдықталған, қуаты зор 22 кәсіпорын бар. Жетеуін іске қостық. Солардың бірі 5 жыл тұрған "Биохим" 2015 жылдың бірінші жартысында жұмысын бастайды" деп жауап қайырған.
Источник:
NUR.KZ