Жарты миллион қазақстандықтың кірісі ең төменгі күн көріс шегінен де төмен

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша Қазақстандағы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2014 жылдың 3 тоқсанында 2,9% (494,0 мың адам) құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 0,2 пайыздық тармаққа төмен.

Жарты миллион қазақстандықтың кірісі ең төменгі күн көріс шегінен де төмен

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады. Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен ауылдық жердегі халықтың үлесі табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен қалалық жердегі халықтың үлесінен 3 есеге жуық артып, 4,6% (360,0 мың адам) құрады. 2014 жылдың 3 тоқсанында табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың басым үлесі Оңтүстік Қазақстан (6,9%), Қызылорда (3,6%) облыстарына келеді, ең аз үлесі Астана (0,3%) және Алматы (0,8%) қалаларында байқалады. Халықтың табыстары мен шығыстарының бөлінуін квантильдік топтар (децильдік және/немесе квинтильдік) бойынша көрсеткіштер анық көрсетеді. 2014 жылдың үшінші тоқсанында 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1 және 10 децильдер арасындағы табыстардың айырмашылығы 9-10 децильдік топтың пайдасына шамалы артты, бұл осы топтағы халық табысы өсімінің басымырақ қарқынын көрсетеді. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары олардың материалдық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Халықтың шығыстары мен тұтынуы децильдік бөлу кезінде табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, мысалы, 2014 жылдың 3 тоқсанында 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстары арасындағы айырмашылық 3,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 5,7 есені, ал ақылы қызметтерге - 9,6 есені құрады.

Источник: КазТАГ