Шымкентте тұңғыш рет республикалық «Журналистер форумы» өтеді

0
1256

Тілшілер үшін толық ақпарат алуға мүмкіндік жасалмақ


  • Барлық бастамалар мен оң қадамдар  Оңтүстіктен басталады.

  • Бүгін облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали келер жылы облысымызда тұңғыш рет республикалық «Журналистер форумы» өтеді деп мәлімдеді. «ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалын ашу бойынша ұсыныстарымыз қолдау тауып, келесі жылы осы форматтағы брифингтер өзімізде де өткізілетін болады. Бұл шараны тікелей эфир арқылы жүргізуге де толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар журналистер Астана қаласында өткізіліп отыратын брифингтерге тікелей шығып сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады»,- деді басқарма басшысы. Сондай-ақ 2015 жылы «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесіне орай арнайы номинациялар бойынша байқау ұйымдастырылғалы отыр. Номинация жеңімпаздары «Алтын микрофон» және «Алтын қауырсын», «Ең үздік аймақ тілшісі», «Үздік телеарна» мен «Үздік басылым» атаулары бойынша марапатталады. Байқау жеңімдаздарына 500 мың теңгеден бастап 1 млн. теңге көлемінде арнайы сыйақы тағайындалып жатқандығын хабарлаған Берік Құрманғали журналистерді осы байқауға белсене қатысуға шақырды.  

  • Яғни, еліміздегі үшінші шаһар шырайлы Шымкент  журналистердің де ордасына айналмақ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз