Қазақ қыздарының басым бөлігі түрік азаматтарына тұрмысқа шығуда

4
2228

Қазақстанда аралас неке саны жыл санап артып келеді. Елімізде жылына 100 мың неке қиылса, соның 20 пайызын аралас неке құрауда. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 30 пайызға жетті.

Қазақ қыздарының басым бөлігі түрік азаматтарына тұрмысқа шығуда
Сондай-ақ, осы пайыздық көрсеткіштің басым бөлігін түрік азаматтарына тұрмысқа шыққан қыздар құрап отыр деп хабарлайды Алматы арнасы.

Қалалық «Жас отау» орталық неке сарайының маманы Ләйлә Сейіткәрімқызының айтуынша, қазақ қыздары түрік жігіттерін көптеп таңдауда.

Шетелден келген азаматтар біздің экономикамызға, кең байтақ жерімізге, елімізге қызығады.

«Қазақ қыздары көбіне түрік елінің азаматтарына тұрмысқа шығады. Сонымен қатар, қытай, қырғыз, өзбек, ұйғыр, украиндық жігіттерімен бас қосқандары бар.  Шетелден келген азаматтар біздің экономикамызға, кең байтақ жерімізге, елімізге қызығады», – дейді маман.

Оның айтуынша, аралас некеге тұрушылар ішінде Қазақстан азаматтығын алу үшін үйленетіндер де көп.

«Сондай-ақ, қазақ қызына шынайы түрде ғашық болып шаңырақ көтеретіндерде жеткілікті. Мен өзім 2014 жылы шамамен 700-800 отбасының некесін қидым. Соның ішінде 20-25 аралас неке», – деді Ләйлә Сейіткәрімқызы.

Шетел азаматтарына тек бойжеткендерімізді ғана беріп қоймай, өзге ұлттың қыздарын құшағына алып жатқан қазақ жігіттері де жетерлік.

«Аңсарын ауытып, қылықтарымен қармағына түсірген өзге ұлттың қыздары жігіттеріміздің бойындағы қазақылықты жойып, тіліміз бен дінімізді құрбандыққа шалуда, – деді танымал әнші Талғат Жорабаев.

Әншінің айтуынша,өзге ұлттың қызын алған жігіттердің көбісі қазақ тілін білмейді.

Бұл ұл-қыздардан туылған бала қазақтын тәлім-тәрбиесін алып өседі дегенге сенбеймін.

«Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрден мүлдем мақұрым қалған. Мен бұл ұл-қыздардан туылған бала қазақтын тәлім-тәрбиесін алып өседі дегенге сенбеймін», – дейді ол.

Аралас некеге шектеу қою керек деп келе жатқан ұлт жанашырларының жан айқайын ешкім естір емес. Керісінше жыл санап аралас некенің саны артуда.

Жалпы статистикаға жүгінсек, 2009 жылы 2032 жұптың некесі кесілсе, оның ішінде 182-сі аралас некені құраған. Ал 2011 жылы көтерілген 2015 шаңырақтың 175-і аралас неке. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 10 пайызға артқан.

Источник: NUR.KZ

4 ПІКІРЛЕР

  1. Шетел азаматына байга шыгушыларга улкен баж салығын белгілеп Қазақстан азаматтығынан айыру керек. Бөтен ұлтқа байға шыққысы келгендерді басқаша ұстаудың еш қисыны жоқ,

  2. Аралас неке деген біздің тәрбиеде жіберген олқылығымыздан келіп туындайды.Егер ата-анасы перзентіне кішкене кезінен бастап осы ұғымдарды сіңдірсе бұлай болмас еді деп ойлаймын. Мысалы мен өзім жоғарғы оқуға түсіп,ертеңіне үйден кеткелі отырғанымда Әкем марқұм мені қасына шақырып, қызым сенен бір ғана өтінішім бар,ұлты басқа біреуді,мынау күйеу балаңыз деп жетектеп келме.Өзге ұлттың профессорына кеткенше ауылға келіп қазақтың бір тракторшысына кеткенің дұрыс-деді.Ата-ана әрқашан шаңырақ көтеру мәселесіне өте кірпиаздықпен қарағаны дұрыс қой деп ойлаймын.

  3. Ия,оз елинин осындай маселелери карнынды удай ашытады,бирак аттенай дейсин. Сол аттенай дейтиннин ишинде улкен угым менен уууффф деген шаршау жатыр. Казахпыз дей отыра коп жерде озимиз осындай адетти, адепке айналдырдык.

  4. Ақын Садыр Адай:
    «Қазақстан – бұл өзі өзгелік пе, біздік пе?
    Қазақстан – бұл өзі қалыңдығы жат жұрттың…
    Халық – анам, ал сонда, жоқ па өтеуі, ақ сүттің?!», – деп ашыныпты.
    Қазақ жігіті орыс қызына үйленсе де бала орыс болып шығады, орыс мектебін бітірген қазақ қызына үйленсе де баласы орыс болып шығады.«Жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледінің» кері. Жетімдер үйіндегі тастанды балалардың 80 пайызы қаракөздер. «Жетімекпін мен неге, анамды менің көрдің бе?» деп зарлап жылап жүргендер осылар..
    Осының бәрі орыс мектептерінен «көктеп» шығып жатқан қазақ жастарының әсері. Бұл жөнінде этнограф, әрі тарихшы ғалым Ақселеу Сейдімбек жеріне жеткізіп айтып кетті ғой

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз