Үкімет көпбалалы аналарға кезектен тыс баспана беруден бас тартты

Қазақстан үкіметі депутаттардың "Алтын алқа" төсбелгісі бар аналарға және үшем туған аналарға тұрғын үй беру туралы түзетуін қолдамады, деп хабарлады Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Үкімет көпбалалы аналарға кезектен тыс баспана беруден бас тартты

"Бюджеттік ұйымдар" түсінігін түсіндіруді өзгертуге, сондай-ақ "Алтын алқа" төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналарға бірінші кезекті және үшем туған аналарға кезектен тыс тұрғын үй беруге қатысты ("ҚР тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасына – ҚазТАГ) түзетулер мемлекеттік шығындардың ұлғайып кету себебінен құпталмады", - деді Қайырбек Өскенбаев сейсенбі күні парламент сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында. Мұнымен қатар ол депутаттарға ұсынысты "Алтын алқа" төсбелгісімен марапатталған аналарға және үш немесе одан да көп бала туған аналарға тұрғын үйді "жергілікті бюджет мүмкіндіктері шеңберінде" жергілікті атқарушы органдарының тарапынан беру жолымен жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып көруді кеңес етті. "Аталған өзгерістерді "ҚР жергілікті өзін-өзі басқарулар туралы" заңына әкімге сондай мүмкіндіктерді ұсыну жолымен енгізу қажет", - деп түсіндірді вице-министр. Сөз соңында Қайырбек Өскенбаев қазіргі таңда бұның ерікті негізде және өңірлік бюджеттердің мүмкіндіктері есебінен жасалып жатқанын атап өтті. "Біз әкімдерге үшемдердің аналарына немесе "Алтын алқа" төсбелгісімен марапатталған әйелдерге кезектен тыс тұрғын үй беру құқығын береміз. Бірақ бұл құқық жергілікті бюджет мүмкіндігінен шығады. Егер жергілікті бюджетте қаржылай қаражаттар болса, егер қалалық, облыстық немесе аудандық мәслихаттың депутаттары қолдаса, онда әкім аталмыш мәселені енгізуге және марапаттауға құқылы", - деп қорытты сөзін ол. Қайырбек Өскенбаев 2014 жылдың 8 желтоқсанында үкімет тұрғын үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке қою үшін облыстық маңыздағы қалаларда тұру (3 жылдан көп емес) шегін алып тастауға қатысты түзетулерді қолдау туралы қорытындыны ұсынғанын атап өтті.

Источник: КазТАГ