Неге орамал тағып алғансың, намаз оқитын жігіт таптың ба?

6
4706

Осы жылдың Рамазан айы болатын. Ауылға бардым. Шашым жалбырамай, ең болмағанда оразада етек-жеңімді жауып жүрейін деген оймен ұзын көйлек киіп, басыма орамал тағып барғанмын.
Бәрінің ойы: «Орамал тағып, хиджап киіп кетіпті». Тіпті мамам да: «Тұрмысқа шыққанша тақпай-ақ қойшы. Кейін не істесең де өзің білесің» деді.
Ал әжем болса: «Неге орамал тағып алғансың? Намаз оқитын жігіт таптың ба?» дейді бірден. Бәрінің ойы бір жерден шығып жатқанына ренжіп жүр ем, әжемнің мына сөзін естіп рахаттанып күліп алдым-ау.

Ата-әжелеріміз аман болсын!

Әсел Ережепова

Facebook-тегі парақшасынан

6 ПІКІРЛЕР

  1. Казак ариптерин неге корлап отырсындар жандарым ау, не мынау, али кунге шейн казакша арип коя алмай журген кандай бейбаксындар…, :shoshu:

  2. Қазақ қызы, асыл аналар жайлы әңгіме қозғамас бұрын ар-ұяттың дәрежесін біліп алу керек емес пе? Асыл аналар мен аяулы әжелеріміздің шалбар киіп, қысқа юбка кигенін бастарын ашып селтең-селтең етіп жүргенін қай тарихтан дәлелдеп бере аласыз? Қазақ пен Ислам сонау Қарахан хандығынан бері біте қайнасқан. Ислам бүркен демейді әурет жеріңді жауып, ар-намысыңды қорға дейді. Оны айтып отырған сіз білетін академик емес бүкіл әлемді, сіз бен бізді жаратқан Жаратушы Алланың бұйрығы. Сіз өзіңіздің қайдан келгеніңіз бен қайда баратыныңызды білмей жатып Алланың әмірі жайлы сөйлеуіңізге жол болсын. Әркім өзі үшін жауап береді. Ар-ұятын қорғап, орамалын тағып, шариғатқа сай киініп жүрген аруларымыздан Алла разы болсын. Сіз орамал таққан қызыңызда не қарындаста зорлап кетіпті дегенді естіп пе едіңіз? жоқ. Көзі ашық көкірегі ояу қыздар емес көкірегі ашық көздері боя қыздар көбейіп кетуі сізді ойландырмай ма?

  3. Қазақ ешқашан бүркенген емес. Еркін, ашық-жарқын халық қой,Дәстүрлі исламда да әйелдер тұмшалансын деген жоқ, меніңше. «балиғат жасына жеткн қыздар, әйелдер,әурет жерлерін бүркеп жүргені жөн» дейді. Ұзын етек, басқа орамал тағып дегендей, бірақ бүгінгі қазаққа тұрпайы көрінеді де. Ұзын киген қызды көрсе болды: хиджап киіп алыпты, дінге кіріп кеткен бе, өзге ағымға қосылған ба?» дейді. Аллаға шүкір, қазір иманды жастарымыз көбейіп келеді. Оның несі айып?

  4. Я не согласен в корне ,с тем который одевающийся в этих АРАБСКИХ балахонах . Кто знает ,почему у Арабских странах так одеваются. Арабы НЕ как КАЗАХИ ,у них другие законы ,ОНИ женятся совсем близким девушкам по КРОВИ. И по этому в Арабских странах дети рождаются не всегда полно ценные ,как У НАС. По закону ,у нас имеется большие РОДА ,ДЖУЗЫ . это к чему создали когда то наши далекие предки КАЗАХОВ ,чтобы не брать в жены своих близких девушек по КРОВИ ,это и есть Главная ТАЙНА КОЧЕВНИКОВ,»золотой» закон степей. АРАБЫ создали эти одежды и балахоны ,ГЛАВНЫЙ СЕКРЕТ в чем -? Арабы видят совсем близких своих родственников КАК потенциальных женихов ,своих дочек , или любовника своих жен ,по этому ОНИ и требует от своих женщин что бы прикрывались все тело ,по этому и родилась такая женская мода на балахоны.ВОТ вес секрет. Как мы предки великих кочевых народов ,что нам боятся .ПРИМЕР: — Я ,КИПЧАК – ТОРЫ КИПЧАК – КОК Мурын – Кара-мойын Лак . Мои дети всегда спрашивает происхождение ,когда знакомится с молодым человеком или девушкой ,Я их всегда учил. Я РЕКОМЕНДУЮ ВСЕМ желающим ,учить своих детей с какого РОДА происхождения , и не одеваться как АРАБЫ в балахоны ,ОНИ нам не авторитеты .Можно так в АФГАНИСТАН превратится .В АФГАНИСТАНЕ у женщин 25-30% который ходят в ПАРАНДЖЕ отсутствует носы ,у них мужья просто отрезали носы ,чтобы вовсе на них не смотрели другие мужчины. Мы должны ориентироваться на ЕВРОПЕЙСКУЮ культуру , еще 1928. году сказал велики Мустафа Кемаль АТАТЮРК.

  5. бүгінгінің жастарын кіналай беру де орынсыз болар, әрине біздің ұлттық нақышымызды, салт-дәстүрімізді ұмытпай осы замана талабына сай үйлесімді киім кисек онда әрқашан құптп, қолдаймын. Ал енді,дін жолына не ислам шариаттарын ұстанған балаларыма айтарым, олардың дені қате түсінікпен діни қараңғылық аясында жүр. басына орамал тағып,мешітке бару, хиджап киу мұсылмандықты көрсетпейді. Әр азамат рухани ар тазалығын ұстанса, ұлтымыздың арын ойласа, намаз оқымасада, қажылыққа бармаса да нағыз мұсылмандықтың жоғары деңгейіндегі орынынан көрінері хақ. сондықтан осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы айтылған, сақталып жеткен шариғаттың кейбір тарауларына толықтырулар жасап, заманауи хадистерді еңгізіп барша мұсылман халқын болсын, басқа ұлт өкілі болсын экстремизм мен таза исламды айыра білетіндей қылып тәрбиелеуіміз қажет. мешіттер тек намаз,жаназа(өлік шығарда) барысында, болмаса жоспарлы телехабардағы сұбхаттар арқылы ғана емес, нақты қоғаммен жұмыс жасауы қажет. «дәретті»алғанда оң қолыңмен үш рет жу деп, қараң «ликбез» айтып насихаттаған сияқты бүгінгі өмір талаптарына келмейтін дәрістерді тоқтату керек. неге мен дәрет алсам саусағымның ұшымен үш реттен жуынуым керек? мен сабынданып барша денемді жусам шариғатқа тар келеме? міне осындай шала сауатты мешіт қызметкерлері «өлік күзеті» кезінде ақылға стимайтын уағыздар айтып, жұрттың шамына тиеді, Біздер, қазақ халқы өз дініміздің тазалығын тек ислам қағидаларына ғана сүйеніп жасмай, замана ағымын ескере отырып, исламдағы сан түрлі ағымдарды айыра біліп барша мұсылмандық қағидаларын ар тазалығымен байланыстыра отырып шешуіміз керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз