Полицейлерді жаппай детектор арқылы тексерудің пайдасы қандай?

Еліміздің полиция қызметкерлері бір айдан соң жаппай әшкерелеуші детекторы арқылы тексеруден өтеді. Адамның ішке бүккен сырын анықтап беретін полиграф құрылғысы енді тәртіп сақшыларының өздеріне қолданылмақ.

Полицейлер детектор арқылы жаппай тексеруден өтеді

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

2015 жылдан бастап құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын әрбір үміткер әшкерелеуші детектордың қитұрқы сұрақтарына жауап береді.

Мәселен, полицейге "пара аласың ба?" "қылмысты жасыруға тырыспайсың ба?" деген күрделі психолгиялық сауалдар қойылады. Сынақтан сүрінбей өткендер ғана органға қабылданбақ.

Мемлекеттің қыруар қаржысына сатып алынған бұл құрылғылар қызметке қабылданатын әрбір қызметкердің шынайы мақсатын анықтап білу үшін керек. Осылайша Ішкі Істер министрі қатарын тек кәсібіне адал полицейлермен толықтырмақ ойда.

"Қазіргі уақытта материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары аяқталып жатыр. Сонымен бірге, зерттеу жүргізетін жеке құрам қызметкерлері де оқытылуда. Ал келер жылдан бастап бұл жүйе толығымен іске қосылатын болады" , - дейді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов.