«ТОЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН ҚАТЕР»-деу үшін ТОЛЫҚ МИДЫҢ… КЕРЕГІ ЖОҚ… Алжас Амарович?

32
17225

 

«Қазақстан үшін толық тәуелсіздік – үлкен қатер.» 

Олжас Сүлейменов.

«АзиЯ»-мен  бір кезде Алашты оятқан ақын Олжастың  енді  «ЕурАзиямен»  елдің Толық  Тәуелсіздігін тәрк етуге баруы – қазақ үшін Толық Қасірет болып тұр…

Өзінің ұлттық мүддесіне, тілі мен діліне қарсы шығумен таңқалдырмаса, іші пысатын Олжас ағамыз тағы да бүйректен сирақ шығарды.  Еуразиялық экономикалық одақ туралы  «Азаттық» радиосы тілшісі қойған  сұраққа  Олжекең: «Қазақстан үшін толық тәуелсіздік – үлкен қатер. Ежелден көрші келе жатқан елдермен одақтас болғанымыз жөн.»- деп, түйеден құлағандай сылқ еткізіпті. Иә, бізде не десең де бола береді… Бұқара халықтың наразылығы бәрібір, билік разы болса, болды…  Бірақ, «Тәуелсіздігімізге ешқандай да нұқсан келтірмейміз» деп сендірген  билігіміз де бұған  разы бола қоймас деп ойлаймыз…

Олжас Сүлейменов біз білгенде баяғыда Желтоқсан алаңын қазақ жастарының қанымен жуған Г.Колбиннің  тапсырмасы бойынша  «Известия» газетінде «Қазақстанда екі мемлекеттік тіл болуы керек»-деген мақаласынан бастап, ширек ғасырдан бері ұлттық мүддеге қарсы шығумен келеді. Басында ақын адам айналасындағы орыстілділердің әсерімен айтып қалған шығар деп өзімізді алдадық. Одан кейін де Олжекең талай рет қазақтың үстінен ат айдады. Тағы бір есте ерекше қалғаны – 2005 жылы  Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласы әкімі кезінде: «Алматы қазақшаланбай, Қазақстан қазақшаланбайды. Сондықтан Алматыны   мемлекеттік тілге көшіреміз»-дегенде жанталаса қарсы шыққан, Елбасыға дейін арыз жазған осы Олжас Сүлейменов еді…   Иә, ол Ұлттық кітапханада өткен жиында:  «… Осы жерде менің досым Мұхтар (Шаханов) отыр, бірақ мен қазақ тілін Алматы қаласына енгізуге қарсы екенімді Президентке айтамын» – деп ашық мәлімдеген болатын…    http://www.qazaquni.kz/?p=1801

«Алматыны қазақ тіліне көшірсек, әлеуметтік жарылыс болады»-деп соқты сонда Олжекең…  Бұл барып тұрған айбарақ бопсалау, яғни арандатушылылық пиғыл еді…  Бұл жеке өз қарақан басының қамы үшін, халықты жарға итеруге, «жарылыс жасауға»  алдын ала шақыру еді..  Ал кейін Атазаңнан орыс тілі туралы бапты алу туралы Мұхтар Шаханов бастаған әйгілі «138-дің хаты» кезінде бір  орыс жазушысы (аты есіме түспей тұрғаны, кезінде газетке жазғанбыз), Ұлттық баспасөз клубында: «Билік бізді неге мемлекеттік тілді үйретуге мәжбүрлемейді? Бұл біздің өз Отанымыз Қазақстанда мемлекеттік тілді білмеу барьерінен құтқарар еді… Әлде билік біздің осылай жайсыз жағдайда жүруімізді қалай ма?» – деген мағынада базынасын айтып, нағыз патриот екенін көрсетті. Ендеше, қайдағы «жарылыс», Алжас Амарович? Енді билік басындағы қазақша білмейтін қазақтардың арасында «Қазақ тілін мәжбүрлесек, Украина болады»-дейтіндер де көбейді.  Жұртты  алдын ала «жарылыс жасауға», «Украина болуға» шақырып, дайын сценарий ұсынатын ел тек біздің Қазақстан шығар… Осы кезде еске түсіп отыр, сол кезде «Қазақ үні» («Жас қазақ үні») газетінде менің «Орыстар неге Олжасты «Алжас» дейтінін енді түсіндім…»-деген сын мақалам жарияланған болатын… Кейін бұл атау, өкінішке орай баспасөзге жайылып кетті…

Кейін О.Сүлейменов  Мәскеуде «Эхо Москвы» радиосында  «…Әзірбайжандар мен қазақтар тек орыс тілі арқылы дами алады»,-деп тағы да тантыды…

Содан соң, елдің көбісі  Кедендік одаққа қарсы болып жүргенде  Олжас Сүлейменов Ақордаға: «Енді Мәдени одақ құрайық. Орталығы – Санкт-Петербург болсын. Атқарушы қызметіне менің фирмам (…?)  дайын» -деген мағынадағы, мәдени бодандық пен қаржылық мүдденің  иісі аңқып тұрған хат та жазғаны белгілі болды.

«Әкесін сабағанды талай көріп едік, бірақ, арбаға байлап сабағанды бірінші рет көруім»-дегендей, Олжекең, кейінгі кезде тіл мен ділге қарсы шығуын былай қойып, енді тікелей өз ұлтының, өз қазақ халқының талай ғасыр мойнына бұршақ салып жүріп, Алладан  тілеп алған қасиетті Тәуелсіздігін тәлкек ете бастады. Талай рет Тәуелсіздігімізді мансұқтайтын сөздерін қазақ қазынасынан қаржыландырылатын орыс тілді баспасөз жерден жеті қоян тапқандай қуана жариялап, насихаттап жүрді. Енді , міне, соның бірі – «Азаттық» радиосына берген сұхбаты…

Иә,  Олжекең тілшінің: «Дағдарысқа ұшырап жатқан Ресеймен жақындасу Қазақстанның экономикасы мен қауіпсіздігіне кеселі тимей ме?»-деген сұрағына: «Қазақстан үшін толық тәуелсіздік – үлкен қатер. Ежелден көрші келе жатқан елдермен одақтас болғанымыз жөн.»- деп соғып кеп жіберді…

«Еуразия одағы идеясы туралы мен  Назарбаевтан да бұрын айтқанмын» деп, омыраулаулағыш  Олжекеңнің одыраң ойы неде сонда?  Бұл қазір бар қазақты ойландырып отырған сұрақ…  Амал жоқ, «АзиЯ»-мен  бір кезде Алашты оятқан ақын Олжастың  енді  «ЕурАзиямен»  елдің Толық  Тәуелсіздігін тәрк етуге баруы – қазақ үшін Толық Қасірет болып тұр…  Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі: «Тәуелсіздікке титтей нұқсан келетін болса, Еуразиялық Одақтан бірден шығамыз!»-деп бірнеше рет мәлімдегені белгілі. Ендеше, сарай ақынының сандырағын билік неге тойтарып тастамай   отыр?!.

Онда  «Толық  Тәуелсіздік – үлкен қатер»-дегеніңіз,  «Толық  ми – үлкен зиян»-дегеніңіз шығар, Алжас Амарович?!.  Дені толық сау, миы жартылай емес – толық, білімі жартылай емес- толық, ұлттық ар-намысы жартылай емес – толық, ұлттық қаны жартылай емес, толық адам, яғни, Толыққанды Ел Тәуелсіздікті де Толық алады! Жарым-жартылай емес…   Сонда Сіз өзіңіз туған біздің қазақ халқын толыққанды емес, сондықтан тәуелсіздікті де толық алу зор қатер дегеніңіз бе? Ана сүті мен ана тілінің қуаты бірдей, оның бірі жетіспесе, ол бәрібір кемшілік-кеселін көрсетіп қояды.  Ана тіліңіздің уызын ішпегендіктен жұқтырған Жеке өзіңіздің құлдық мінезіңізді Күллі қазаққа неге таңасыз?  Сізбен қатар елге аты шыққан бұрынғы одақтас елдердегі, қазіргі Толық Тәуелсіз елдердегі қаламгерлер неге осылай өз ұлтына қарсы шаппайтынын Сіз бір мезет Толық ойлап көрдіңіз бе? Бұған, бабалардың сан жылдардан бергі армандаған, талай ұлыларымыз бен ұландарымыз  құрбан болып, қанын төккен қасиетті Тәуелсіздікті  тәрк етуге қисайып қалмай, қалай ғана аузыңыз барды?  Бірақ бұлай айту  үшін де… «Толық  Тәуелсіздік – үлкен қатер»-деу үшін де  Толық мидың…  керегі жоқ шығар… Олжеке!

Ендеше, айналаңыздағылардың «Алжас» атауын ақтаған екенсіз, Алжас Амарович!

Қазыбек ИСА,

qazaquni.kz

32 ПІКІРЛЕР

  1. Сравните биографии Алжаса и Мукагали, ордена Алжаса, покровительство Конаева, нагнуть Землю и прочее…и трудную и не признанную властью жизнь Казаха Поэта Мукагали. А мы казахи поем песни на стихи Мукагали они трогают самые заветные чувства казаха, а Алжас искусственный продукт оставшийся в тепло-липком Брежневско-конаевском мире и не принявший казахское. Арманда жаным арманда
    Жок деген созге алданба
    Есіңе мені алғайсың
    Мукагали Вечный поэт казахов как и Великие Абай и Магжан,
    а Олжас советский, в забытом ненужном

  2. Енді, Ұлы Даланың Ұландары болашақта қазақтың соры осы Алжас сияқты «ҚАРА ОРЫСТАРДАН» БОЛАДЫ. Дәрежелеріне, абыройларына қарамай осындай «қара орыстармен» аянбай күресу керек. Оларды аямау керек не қазақ болсын,не болмаса құрысын. Бұлар Қазақ Елінің ЖАУЫ. Қазақтың діңгегіне түскен «арам» құрттар.

  3. Иә, Олжас бастаған жемқорлар бөліп алған полигондық 14 миллиард доллар туралы КРУ Минфин актісі бар, 1993 жылғы. Оны Досы жауып тастады. Кезінде,1994-жылы «Бірлесу -Единение» гәзетінде шыққан. Ал оның «АЭиЯсы» туралы Лев Гумилев: «Сколько старниц (304), столько ляпсусов» деген. «Спор с поэтом» деген мақаласын интернеттен оқуға болады. Интернетте Алжас Амаровичке қатысты «Смерть министра» деген материал бар. Ұяттан басқа ештеңесі жоқ «ұлы» ақын шатпақтауын қойса жарар еді. Семей полигонын жапқан да ол емес, Амантай қажыдан асыра аттандағаны болмаса. Ол туралы В.Пигаваевтың «Как это было», «Олжас мой друг, но истина дороже» дегені де интернетте бар.

  4. Гүлбахрам Жүніс өте дұрыс айтады. Желтоқсанда жастар «Олжас» деп айкайлаганда ол ЦК -дан шыкпай койған.

  5. Орыстың артынан түскен мүжік асық
    Қазағыңнан барасың қайда қашып?…
    Сен керексің оларға, «бір ақ сәтке»…
    Қаласың ау сонан соң, аузың сасып.

  6. ҚАДІРМЕНДІ ҰЛЫ АЛАШ ҰРПАҒЫ,ия КСРО кезінде Олжас ағамыздың АЗиЯ-сын мақтан тұтып, мадақтадық…, ол уақыттары «пиара» дегенді білмеуші едік қой, ол Ұлы БАБАларымыз айтып кеткендей «Атың шықпаса – жер өрте» деген ескертпенің «кебіні» – осы пиара екен ғой. Мен бұл кісінің пиғылын 1986 жылы ғана толық түсіндім, «Мне стыдно за казахский молодежь» деп ұран қаққанда… Сіздер бүгінде дабыл қағып «Олжас – Алжасқа» қашан айналған деп жатырсыздар, туғаннан АЛЖАС боп туылған ол кісі, бүгінде ол ҚАЗАҚты ойлап немесе ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ жаны ауырып, «бес бидайы» күйіп отыр дейсіз бе? АЛЖАСқа еріп «АЛЖАСПАҢЫЗДАР», ол кісінің уайымы Ресейдегі бизнесі, атаққа құмар Олжас ағамыз, бұл күні сол «құлқынның құлы»! МҰХАМЕД ПАЙҒАМБАРДАН ӘУЛИЕ емеспіз ғой бір баласын құрбандыққа берген, сондықтан артынан «жоқтау» айтпай-ақ Алжас ағамызды Ресейге бере салайық тым қиналмастан «Өз еліне ҰЛ бола алмаса – Ресейге ұлтан болсын!» Ақ Жол, Алжас аға!

  7. У меня 2 мнения по поводу этой статьи:
    1. Что конкретно имел ввиду Сулейменов, пусть сам раскроет и прояснит ситуацию. Что толку разводить разговоры, не зная полной мысли такого великого человека (а он несомненно велик многих миллионов человек нашей страны) и в том числе здесь присутствующих. Поэтому рано еще обсуждать слова его.
    2. Такой момент привлёк мое внимание – автор текста упал до искажения имени самого поэта и тем более его отца, что уже не является красивым. Изо всех сил он старался так разрисовать и сгустить краски, что стало проглядываться его внутренняя антипатия. А это уже никак не даст объективной оценки событию. Эту статью могут прочитать все, в том числе и недруги Казахстана. А они только и ждут новой внутренней стычки нашего общества. Нам это надо? Вопрос в чем был? если хотел ответа на вопрос, обратился бы лично к Сулейменову, если хотел пропиариться на этом событии, то тогда другое дело. Ему это удалось.

  8. “Гражданин мира Олжас Сулейменов в своем интервью радио “Азаттык” заявляет, что опасается абсолютной независимости казахской земли. Мы не раз писали о том, что личность, покорившая мир болеет не за свою нацию, а за империалистов.
    Олжеке не изменился. Он с сомнением смотрит на формирование казахов как нации, боится абсолютной их свободы. Если такие личности как он, боятся независимости собственного народа, то, у простого народа, тем более вера в будущее будет только уменьшаться. Безусловно, Олжас Сулейменов талантливый поэт. Но, человеку уже 80 лет, а он до сих пор считает русский язык родным, и не намерен отказываться от мысли, что казахи не могут сформировать самостоятельно государство. Почему он боится независимости собственного народа? И зачем вместо того, чтобы вселять веру в народ, он убивает в нем надежду? Вопросов много, а ответов — нет”, – с сожалением заканчивает автор.
    Чтобы не быть голословными, приведем отрывок из интервью Олжаса Сулейменова радио Азаттык.
    “Безусловно, поддерживаю. Это одна из моих давних идей — Евразийский союз. Я её высказывал даже раньше Назарбаева.Я считаю, что сближение с великой Россией — оно случилось не сегодня, оно давно уже, веками мы близки. Нас не разделить. Это как раз обеспечивает безопасность Казахстана. Если мы будем полностью независимы, тогда это большая опасность для Казахстана. Мы должны быть в союзе со своими давними соседями”, – говорит он отвечая на вопрос об Евразийском союзе.

    Олжастың сөзіне жауап: Қазіргі заманның «шолақ белсендісі» Олжас Сүлейменов!

    Қазақ халқы өткен 18 – 19 ғасырды санамағанның өзінде, тек 20 ғасырда ғана Ресей елімен жақындасудың арқасында жан басының 90 пайызынан айырылды. О бастан – ақ патшаға да, халықаралық масондар мен коммунистер билеген Ресей мен Совет үкіметіне де Қазақ халқы емес, Қазақтың жерінің асты мен үстінің байлығы ғана керек болған. Қазір де солай!
    Бұрынғы отаршылдық пиғылдағы Орталық коммунистер билігі ұлттық республикалар мен шет аймақтардан кадр таңдағанда нағыз мансапқор, атаққұмар, халқының мүддесінен гөрі өз мүддесін көбірек ойлайтын, қиын кездерде өздігінен шешім қабылдай алмайтын, Орталықтағы күштіге ғана жағынып, сол қожайындарын арқа тұтып өз халқын жүндей түтетін ұлттық кадрларды, яғни «Шолақ белсенділерді» іздеп тауып, тек соларды билік басына қою саясаты болды. Яғни отаршылдардың ежелгі тәсіл – амалы негізінде: «Тексіздеріне билік беріп, Тектілерін құлдық жағдайда ұстап», халқымызға қарсы нағыз геноцидті де сол «Шолақ белсенділердің» қолдарымен жасап келді.
    Қазірде Қазақстан билігінде «шолақ белсенділердің» тұқымдары отыр. Олжас солардың сарай ақыны. «Азияны» жазған Олжас Сүлейменов баяғыда, өткен ғасырдың 70 – ші жылдары өлген. Ал мынау алжасқан пенде соның жүрген елесі, құр сүлдесі ғана…

  9. Қазақтың қайсар жазушысы Сафуан Шаймерденов кезінде Президентке жазған бір хатында «Тыныштық, тыныштық деп жүріп тәуелсіздікті құрбандыққа шалмайық, Нұрсұлтан Әбішұлы», деген болатын осы Ожастың кезекті бір сандырағынан кейін.

  10. Тереңнен ойлансақ алдағы экспо-2017 бағ/н алып шыға аламыз ба,әлде 2050 бағдарламасын жоспардан бұрын орындап тастаппыз дегендей құтыламызба? Олжас ағаны басқа қырынан түсіну керек сияқты,сабырмен қарайық,сабырмен шешімін табайық .

  11. Осы Олжас дегенді баяғыдан ұнатпаушы едім. Оның бір рет болса да қазақ тілінде сөйлегенін естіген емеспін. Сосын ойлаушы едім: Қазақстандықтар қазақ тілін білмеген соң орыс тілді Олжасын жақсы көретін шығар деп. Олай болса, Олжас та оны жақсы көретіндер де орысшылдар болғаны ғой… яғни қазақ пен қазақияға қарсылар екені біртіндеп ашыққа шығып келеді деген осееееееее!!!! Олар орыс тілділер! Өкінішке орай менің күдігім шындыққа айналып жатыр. Әй, айййййййй айй…. Үміт етер бірдеме барма екен өзі, а?!

  12. «Орыстың жаманы да қазақ болғысы келмейді,ал қазақтың жаманы ылғи “орыс” болғысы келеді». Дәл айтқан!

  13. Алжас жетім балалар үйінде бір күн де болған емес. Өз әкесі шекара бастығы болған офицер екен, бірде шекара бұзушылармен атыс болып,1938-жылы болар,қаза тауыпты. Одан кейін шешесі белгілі журналист Әбдіуәли Қарағұловқа тиген. Яғни Алжекең тұрмыста ешбір қиындық көрген жоқ.Семей полигонын жабудағы еңбегі 30 пайыздай ғана, бірақ «МЕН! МЕН! МЕН!» деп аттандаушылардың «көсемі» болып жүр. Полигон зардабынан ауруға шалдыққан, мүгедек болып қалған мыңдаған адамдарға бермекші сөзбен жинап алған мол қаржыны өзара бөлісіп, анау «еуразиялық үшеуді» миллиардер етіп шығарды. Өзіне тиесілі болған ақшаға шығар: «Олжас кітапханасы» дегенді, жаңадан фирма ашып жүргені. Айхай, ұят қайда, ұят?! Тойып секірген соң ғой, қазаққа қарсы бірдеңелерді көйірсітіп жүргені. Оның қазанының қаспағын қырып жүрген жағымпаз дос-жолдастары оны анау жаққа, мынау жаққа жұртпен кездесуге апарып, өздерінше ақтап жүр, ей,байғұстар-ай!

  14. я
    8 желтоқсан, 2014
    2:46 pm
    «…Балалар үйінде тәрбиеленген оны қазақша білмейсің деп кіналау- қараңғылық. Онда толық қазақ отбасында туып-өскен тоқаевтар, карагусовалар неге қазақша сөйлемейді? Сондықтан , оған қатысты ауыр сөз айтуға ешқандай құқықтарыңыз жоқ.Біреуді келемеждеп, мазақтап, кемсіту -барып тұрған надандықтың мәдениетсіздіктің белгісі. Өзңіздің жүрегіңізден сұрап көріңізші- сіз оның тырнағына татисыз ба? Ол жасаған істі сіз тындырар ма едіңіз?…»
    Мұнымен айтқыңыз келгені не сонда? Кеңес кезінде тындырған істері -ол сол жүйе үшін жасалған болар, тек ҚАЗАҚ үшін емес! ҚАЗАҚ үшін БҮГІНГІ КҮНІ ІСТЕГЕН ПАЙДАЛЫ ІСТЕРІ БОЛМАСА одан не қайыр? Қазіргі күні осы ақынымыздың пайдасынан ЗИЯНЫ КӨП БОЛЫП тұр ғой?! Мынадай сөздерінен кейін ол менің АТА ЖАУЫМ десем де болады!

  15. АЛЖАС КАЗАК УШЫН НЕ ТЫНДЫРДЫ ЕКЕН!!?? ЕГЕРШЫНЫМЕН КАЗАКШЫЛ БОЛСА БАЯГЫДА АТЫЛЫП КЕТЕР ЕДЫ!! ОРЫСТАР ОСЫ САБАЗЫННЫН ТУБЫНДЕ АЛЖАСАТЫНЫН БЫЛЫП АМАН АЛЫП КАЛГАН-АУ ШАМАСЫ!
    -‘-
    КАЗАКТЫН «мамыр, желтоксан» ДЕГЕН АЙ АТТАРЫ УНАМАЙДЫ ДЕЙДЫ, КУДАЙАУ БУЛ АБАЙДАН ДАНА МА? «Караша желтоксанмен сол быр екы ай»-деп Абайда айткан! Осы ай аттары симаса Алжас мырзанынгана ауызына симай жур!

  16. «Абай.кз» сайтына рахмет. Өткендегі qazaquni.kz порталындағы ұлтшыл ақын, қайсар қайраткер Қазыбек Исаның «“ТОЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК – ҮЛКЕН ҚАТЕР”-деу үшін ТОЛЫҚ МИДЫҢ… КЕРЕГІ ЖОҚ… Алжас Амарович?» http://www.qazaquni.kz/?p=31149 атты сойып салған мақаласын орысша аударып беріп, қолдау көрсетуі – қазақ баспасөзінің бірлігі күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл мақаланы барлық БАҚ басуы керек! білсін Алжастың қандай қауіпті екенін…

  17. Семей палигоны туралы Өз атын шығару үшін онсызда пісіп-жетіліп тұрған мәселені көтердім деп, аярлықпен тапқан атақ-абыройды малданып,халыққа сүйкімді көрінді. Ал, ана Азиясына келетін болсақ,ол ұлтты сүйгеннен немесе осы ұлттың ғасырлар бойы кеткен есесін қайтарудан туындаған ойдың ықпалы емес.Сол баяғы бақай есеппен жазылды.Қай кездеде қазаққа қатысты бір өзекті мәселе туындаса соның басы-қасынан осы кісіні көретін болдық.Өзі шынын айтсын,оның қазақта кеткен не әкесінің құны бар екен.Қашанда сыртқы жаудан,іштен шыққан шұбар жыландар он есе қауіптірек.

  18. Комменттердің көбі оның(Олжастың) миының аздығы деп өзеуреп жатырсыңдар.Шындығында Алжас Амаровичте ми көп. Гәп басқада жатыр. Ол неге орысқұл ? Себебі оның – Орысқұлдық ділі, орысқұлдық діні,егер онда болса,бірақ ол -космополит қой,Міне сол себептен оған қазақилық керек емес.Қатыны орыс,одан туған бала орыс ,күйеу бала-ұлты бимәлім,Яғни,оған қазақ тілінің бір тиынға керегі жоқ!Сол себептен ұлтының тілін тәрік етеді. Тәуелсіздік деген оған бос сөз.Ол глобализммен ауырады.Әлемдік деңгей керек.Ертеде әкем айтатын : Орыстың жаманы да қазақ болғысы келмейді,ал қазақтың жаманы ылғи «орыс» болғысы келеді- деп. Дәл айтқан!

  19. А.П.: хочу вас спросить: почему сегодня говорят о кризисе мультикультурализма?

    О.С.: Это началось после развала Советского Союза… Нанесшего удар по самой концепции мультикультурализма.

    А.П.: Даже в мировом масштабе?

    О.С.: Да. С трудом создавалась эта модель. Через большие жертвы прошли народы, создавая ее, эту модель – где все народы равны, все национальности. Где никакая национальность не выделяется. Даже великая русская национальность. Не просто было это сделать. И эта модель – подчеркиваю, именно модель – разрушилась. Не по своей вине: сама себя она едва ли могла бы разрушить. И, естественно, началась цепная реакция развалов многонациональных государств. Национальности не успевали создать нации. Пример тому – грузинская нация, расколовшаяся на три части. Такие же процессы коснулись и других республик – не будем перечислять все… Практически никто этого не избежал. Кроме – слава Богу! – Казахстана.

    А.П.: В чем, на ваш взгляд, преимущество Казахстана?

    О.С.: Может быть, в том, что мы более мультикультурны, чем все остальные. Кроме России, конечно. Россия и Казахстан – у нас эта модель сохраняется. Взаимозависимость наших народов способствует созданию нашей – казахстанской – нации. Как государственной единицы. И сейчас, когда мы говорим о сближении культур, казахстанский опыт, безусловно, должен быть принят во внимание. В наше время этот опыт имеет особую ценность.

    А.П.: Когда-то Евгений Евтушенко сказал, что «поэт в России – больше, чем поэт». Если рассуждать в масштабах не только России, но всей постсоветской Евразии, то сохраняет ли эта идея свою силу сегодня?

    О.С.: Конечно. Поэт – явление общественное. Просто в силу природы творчества. Поэт говорит с народом – причем говорит он не только о себе, но и о народе, о других людях. В самом деле, что было бы, если бы поэты говорили только о своих проблемах? Поэтому и люди – невольно – обращаются к поэту за помощью. Обращаются за советом. И даже если не обращаются, он сам хочет посоветовать. Такова природа творчества, такова профессия. Я и сам это чувствую на себе. И занимаюсь тем, что нужно этому обществу. И не только этому…

    А.П.: Скажем, историей?

    О.С.: Да, причем не только историей казахов. Потому что узнать нашу национальную историю можно, только прикоснувшись к общей истории. Национальную историю нельзя разглядывать лишь под микроскопом. Универсум с помощью микроскопа не рассмотришь.
    Олжас Сүлейменов қазақтан шыққан талантты орыстілді ақын, әрі ғалым және зерттеуші.Ол -орыстың майталман ақындары мойындаған ақын.Оны жоққа шығармаңыздар. Қазақтың түп-тамыры,ата-бабалары туралы мәселені Кеңес үкіметі кезінде қорықпай көтерген ер ақын,антиресейлік атанған ақын. Балалар үйінде тәрбиеленген оны қазақша білмейсің деп кіналау- қараңғылық. Онда толық қазақ отбасында туып-өскен тоқаевтар, карагусовалар неге қазақша сөйлемейді? Сондықтан , оған қатысты ауыр сөз айтуға ешқандай құқықтарыңыз жоқ.Біреуді келемеждеп, мазақтап, кемсіту -барып тұрған надандықтың мәдениетсіздіктің белгісі. Өзңіздің жүрегіңізден сұрап көріңізші- сіз оның тырнағына татисыз ба? Ол жасаған істі сіз тындырар ма едіңіз?

  20. Масқарасы жуықта ПМУ-дың шақыруымен келіп, жұртшылықпен кездесіп, автограф таратып кетті… Интернетте жүр.. Бас қасында қала ақындары, мем.қызметкерлер, әрине осыған тартылған студенттер мен басқа да орысқұлдар, ақ-қарасын ажырата алмағандар…

  21. Иштен шыккан жау жаман.тауелсиз ел болган Казакстан 24 жылдан бери Алжастардын санасын тазарта алмады ма? Сонда осы кунге дейин казак осындай орыскулдарды басына котерип, аспеттеп келгени гой. Неткен касырет.Канша айтканмен «ел агасы» гой деп ундемейтинбиз, казак деген улттын ардактысы деген аттан садага кет.
    Осындай Алжастардан кашан кутылады екенбиз.

  22. алжас деген атын тегін қоймапты осындай болатынын білген бе. ұлтын сүймейтін алжастар азаймай ұлт мұраты аяққа таптала береді.

  23. Советтік идиологияның қүрбаны.Өкінішке орай бүгінгі Қазақ қоғамының 20-30%ы осы алжастар.Ал бұлардан туып өсіп келе жатқан ұрпақтарын қоссаңыз 50%ға барады.

  24. Шынында да толық ми мен толық сананың атышулы тұлғада жетіспеуі көп қазақты жерге қаратты, бірақ не істейсің, ол табиғи нәрсеғой, мидың жетіспеушілігі…

  25. Амал жоқ, “АзиЯ”-мен бір кезде Алашты оятқан ақын Олжастың енді “ЕурАзиямен” елдің Толық Тәуелсіздігін тәрк етуге баруы – қазақ үшін Толық Қасірет болып тұр…

    Мен бұл ақынды бұрын кереме жақсы көруші едім…….

  26. Өз ана тілін білмейтін, үйренуге ұмтылмайтын адамдардан (қазақтардан) қорқу керек. Бір уақытта төлқұжатқа ұлты жазылмай, қазақстандық деп жазылуы керек деп алжыған да осы кісі болуы керек жаңылыспасам! Өз ана тілін аяқ асты еткен жаннан не үміт, не қайыр.

  27. О. Сүлейменовше “…тойып секіру” ешбір уайымы жоқтардың еріккендегі ермегі. Орыс қатынынан озып қайда барады ол?! Атом сынауларынан ауру, мүгедек болғандарға береміз деп “Невада-Семей” АҚ Қорына 10 миллиард доллардан аса қаржы жинап алып, семейліктерге бір доллар да бермей, Шодиев, Машкевич, Ибрагимов, тағы басқа-қасқасы бар өзара бөліп алыпты. Яғни, бұның подпольный миллиардер екені сөзсіз. Содан соң ауыз шіркіні еркін, ойына не келсе, соны сөйлей береді. Қазақ айларының “мамыр, желтоқсан” аттары дұрыс емес дегеніне қарасаң, егер бұл президент болса, Сапармұрад Ниязовша жыл, ай, күн аттарына өзінің, әке-шешесінің, сыбайластарының аттарын қойып алар еді.Алтынбек Сәрсенбайұлы мүны тауыққа ұқсап қалған байғұс бүркітке астарлап теңеген еді, дұрыс айтқан. Халықтың мұң-мұқтажын айта алмайтын “сарай бұлбұлы” болып алды, әлгі Ертісбаев дегенді жоқтатпай.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз