БЕРДІБЕКТІҢ БЕДЕЛСӨЗІ

6
1430

 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы тек  Жамбыл өңірімен шектелмейді.»

«Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар тек қана Жамбыл өңірімен шектелмейді. Себебі, қазақ хандығының ары қарай дамуына, қалыптасуына басқа да қалалардың үлесі бар. Мәселен, Түркістан, Сығанақ, ар жағындағы Сарайшық, Бөкей ордасы, мына жақта Ұлытау, Көкшетау және басқа қалалар тарихи елді мекендер.

Бұл мерекені бүкіл қазақстандықтар болып атап өтуіміз керек. Мемлекеттің қалыптасуы сол кезден басталатынын нықтап, оның қазаққа ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне қатысты екенін паш етуге тиіспіз!»

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған республикалық комиссияның алғашқы отырысында айтқан сөзі.

abai kz

 

6 ПІКІРЛЕР

  1. Тарихшыларға бір сұрақ: 550 жылдан арыда Қазақ деген ел болмаған ба? Фирдаусидің «Шахнамэсінде», Батый ханға қатысты құжаттарда «Қазақия» деген мемлекет болды делінген мақалаларды оқып едім, әлде ол бекер ме? 550 деген тым аз сияқты, осы қалай? Әлде Н.Назарбаев айтты, енді қарсы пікір айтуға болмай ма?

  2. «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар» барлық өңірлерде әсіресе еліміздің солтүстік өңірлерінде кеңінен өткізілуі тиіс. Себебі Қызылжарда қазақ хандығының ерекше бір бөлігі – Абылайханның резиденциясы орналасқан.

  3. Құрметті отандастар!
    1991 жылының 16 желтоқсан күні ең маңызды тарихи оқиғалардың қатарына тәуелсіздік пен еркіндік қағидаларында негізделген қазақ мемлекеттілігінің жаңа кезеңнің санау нүктесі ретінде кірді. Қазақ мемлекетінің ең негізгі мақсаты қазақ азаматтардың әл-аухат деңгейін өсіру, қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету және халқымыздың алдында турған тарихи міндеттерді орындауға мықты серпін беру.
    Тәуелсіздік күні туған Отанымызбен, оның тарихымен, Отанымыздың кәзіргі күні мен болашағымен біздің ажырағысыз байланыс бар екенін көрсетеді. Қазақстанымызды біз бәріміз мықты, еркін, егемен және дамыған мемлекет ретінде көргіміз келеді.
    Ұлттық құндылықтарды сақтап, отаншылдық сезімімізді нығайтып біз бәріміз ерең еңбек етсек алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз.
    Тәуелсіздік алу жолында Қазақстан көп ғасырлық тарихи жол өтті. Еліміздің тәуелсіздігі бұл ұлттық мүдделерді қорғаған оның азаматтарының асқан ерліктерінің және ерең еңбектерінің жемісі. Мысалы ол Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова. Оларды еске алу мен оларға құрмет көрсету бізді бәрімізді біріктіріп жатыр.
    16 желтоқсан күні 1991 жылы мемлекеттік егемендік туралы заң қабылданды, содан бері біз еліміздің ең басты мерекесін тойлап келеміз. Бұл мереке біздің елімізде туратын миллиондаған азаматардың тағдырына әсер етті, шетелде тұратын қандастарымыз үшін де бұл өте қымбатты мереке. Ғасырлар бойы қазақ мемлекеті құрылған, оны біздің бабаларымыз ерең еңбекпен, шабытпен және асқан ерлікпен құрған.
    Тәуелсіздік – еліміз үшін айтулы әрі орны ерек ұлық мереке. Осы азаттық үшін қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір арайлап атқан таңын қайғы-қасіретпен, түрлі зұлматпен, ауыз айтуға бармас зобалаңмен өткізді. Азат ел болып, өз алдына туын тігіп, өзгелермен терезесі теңдей ғұмыр кешу бақытын олар аңсады, армандады, осы жолда күресіп бақты. Талай ұлыларымыз, асылдай азаматтарымыз бен рухты қыздарымыз осы жолда жанын пида етіп, құрбан болды. Құдайға шүкірлігі, бүгінде қазақ елі бабалар аңсаған, армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Биыл өз алдына тәуелсіз мемлекет болғанымызға 23 жыл толды. Өткен мен бүгінді сабақтастыра отырып, тәуелсіздікке тәуба жасап, егемендігімізді онан әрі баянды ету бүгінгі ұрпақ еншісі. Егемендігіміздің қадір-қасиетін бағалап біз оны өзіміздің ерең еңбегімізбен одан ары нығайта беруіміз керек деп білемін.
    Өз уақытында Тәуелсіздік күні біздің еліміздің, біздің бірлігіміздің және өткеніміз бен кәзіргі күніміз үшін жауапкершілігіміздің рәмізі болды. Тек бірлік пен әлеуметтік әріптестік арқылы, бәріміз күш қуатымыз жұмсасақ қана біз үлкен жетістіктерге қол жеткізетін боламыз. Бүгінгі таңда, еліміздің дамуы, мемлекетіміздің кәзіргі күні мен болашағы әрбір азаматтың еңбегіне, жігерлігіне және азаматтық жауапкершілігіне байланысты.
    Біздің ортақ құндылықтарымыз қымбатты әрі түсінікті азаматтар Тәуелсіздік күнін тойлайды, ал біздің ортақ құндылықтарымыз осы: туған мемлекетті мақтан ету, Отанның гүлденуі үшін ерең еңбек ету және өз еліне, отбасыңа, туыстарыңа және туған топырағыңа шексіз сүйіспеншілік. Өйткені біз бәріміз, біздің отбасымыз, біздің балаларымыз бұл Қазақстан.
    Әрбір азаматтың қамын ойлауды, ұлттық құндылықтарды сақтауды бысымдылық ретінде белгілеген мықты мемлекет қана шын мәнінде егеменді мемлекет бола алады. Біз бәріміз өткенімізді құрметтеп, Қазақстанымыздың тағдырын ойлап тұруымыз керек деп білемін. Тәуелсіздігімізді қорғау, ұлттық мүдделерді кқорғау, Қазақстанымыздың қарқынды дамуына өз үлесін қосу республикамыздың әрбір адал азаматтың міндеті деп білемін.
    Тәуелсіздік күні Отанымыздың кәзіргі күні мен болашағын талқылауға жақсы сылтау, Отанымызды қуаттандырып дамыту үшін не істеу керек, не істеуіміз керек, осыны ойланып көрейікші ардақты ағайын. Қазақстанның әрбір адал азаматы жемісті еңбекпен Отанымызды күшейтіп оның дамыуына көмектесу керек, өзінің терең ойларымен және пайдалы бастамаларымен елімізді қуаттандыру керек, өзінің парасатты азаматтық көзқарасымен еліміздің ұлттық мүдделерін қорау керек деп білемін.
    Денсаулықтарыңыз мықты, Қазақстан үшін жасалған еңбектеріңіз жемісті болсын ардақты ағайын!
    Қазақстанымыз жасасын!

  4. қазаққа ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдеріне қатысты екенін паш етуге тиіспіз! – өте дұрыс!

  5. Если бы , МЫ не были бы КАЗАХСКИМ ХАНСТВОМ ,и не жили бы в этих территориях ,и не владели бы этими территориями . Не была бы Республика КАЗАХСТАН ,как в мире 9 территорий. ЭТО ФАКТ .Благодаря Первого Президента Р.К. ВСЕ границы У нас определены ,со предельными станами . Республика КАЗАХСТАН член ООН. Так что МЫ не перед кем не под отчётный .И не обращать внимание на каждый собачий лай на улице . АЛГА КАЗАХСТАН.

  6. БЕРДІБЕКТІҢ БЕДЕЛСӨЗІ
    «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты іс-шаралар тек қана Жамбыл өңірімен шектелмейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз