Қазақтардың генофонды зерттеледі

4
1898

Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы директорының орынбасары Сәулет Сәкенов Ұлытауда қазақтардың генетикалық сынағын жүргiзудi ұсынды.

Қазақтардың генофонды зерттеледі

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

«Ұлытау қазақтардың араласып, бiр-бiрiмен бас қосатын орталығы болған. Осынау кең далада тiлдiк ерекшелiктер мен диалектiнiң жоқтығы да осыдан. Ұлытау – ұлт ұясы. Сондықтан ондағы халықтың генетикалық материалын алып, қазақтардың генофондына зерттеу жасауға болады», – дейді президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Сәулет Сәкенов.

Оның айтуынша, Назарбаев Университетiнде Қазақстандағы жергiлiктi халықтың генетикалық құрылымына зерттеу басталған. Сәкенов сол жұмыстың Ұлытау өлкесiнде де өткiзiлгенiн қалап отыр.

«Бiз ол командамен жүздесiп, Ұлытауға шақырдық. Олар кейiн Ұлытауға соғып, ол жерден де генетикалық материал алуға болатынын айтты. Бұл жоба бiздiң көмегiмiзбен жүзеге асуы ықтимал. Біз қазақтардың генетикалық құрылымын бiлгiмiз келедi. Содан соң генетикалық байланыстарды да анықтағымыз келiп отыр. Қазақтар Орталық Азиялық мәдениетке қалай келгенiн бiлу тұрғысында бұл өте қызықты жоба. Егер барлығы іске асса, жыл соңында белгiлi болады», – деп түйдi сөзiн Сәкенов.

Айта кетейiк, Сәулет Сәкенов бастаған экспедиция 2014 жылы тамыз айында Ұлытау өлкесiнде болған еді. Соның арқасында қыруар зерттеулер жүргiзiлiп, аймақтың Google Maps-тағы картасы жасалды.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Дай БОГ,я думаю что генафонд КАЗАХОВ должен быть хороший . В наших крайах Торгайского региона ,очень сильно придерживается до 7 поколения и даже более ,не берут в жены.Когда спрашивают ,знакомится . объязательно предстовляется с кого рода. пример: Я Кипчак, торы айгыр ,кокмурун,карамойын лак. из региона р. Жланчик,район пос РАХМЕТ. Торгай. А также имеется родовое место моего рода .Узын-коль ,Астау -коль ,Шукыр -коль ,Лактын – ТУЗЫ,Ала – коль. Я рекемедую и думаю каждый КАЗАХ должен знать свое родовое место своего рода.Так как В казахстане из давно Каждое речушка ,сопка ,овраг ,имеет свое название .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз