ЖАНАРДЫҢ ЖАРЫП ШЫҚҚАНЫНА ШЫН ҚУАНЫШТЫМЫЗ! Бірақ...

ЖАНАР Жанар Дұғалованың орындауындағы мына әннің мәтінін түсінген жан бар ма? Дым түсінбедім. Талай байқауды көіп жүрміз. Тәуір әндер шырқалушы еді. Мынау ұят қой. Ән Жанарды, Жанар әнді ашып көрсете алмады. Конкурсный әнге келмейді никак. Дегенмен, Жанардың жеңгеніне қуаныштымын. Бірақ мына мәтін езуге күлкі үйіргеннен басқа ләззат сыйламады. Бұл не? Ұят. Әнші конкурста дауысымен, талғамымын таң қалдырса керек ті. "Қадау қадау ұлылар өрнегі, Талай талай сырлар шерткен даналарым. Тарау тарау тарих боп сөйледі, Сонау-сонау ғасырлардан бабаларым. Қол созып аспанға, Айналып дастанға Естілгендей маған. Солар болар заманның өрнегі, Көктен биік ұстап өткен жалаулары.
Қайырмасы: Жүрегім діріл-дірілдейді, дірілдейді, діріл-дірілдейді. Домбыра үні күмбірлейді, Жүрегіммен бірге. Мәңгілік рухы дірілдейді. дірілдейді, діріл-дірілдейді Жеткендей біздерге Айналып бір жұмбақ күйге. Бабалардың ізін көрем, ізін көрем, Даналардың ізін көрем, ізін көрем. Кемел даралардың, Жамбыл, Абайлардың Адаспаңдар деген сөздеріне сенем, Жолымен келем. Ізін көрем, ізін көрем. Сезіп білем, көрем бәрінде, Бұрын соңды мұны қалай байқамадым. Жырым, сырым құбылған әнімде, Қайта-қайта таңырқатып қайталадым". Табигат Абаилдаев Фейсбук парақшасынан