Қазақстанның ең таза және ең лас қалалары анықталды

Қазақстан қалаларының ішінде ауасы ең таза қала - Орал, ал Алматы ең лас қала атанып отыр.

Қазақстанның ең таза және ең лас қалалары анықталды Мұндай тұжырымды "Уральская неделя" басылымы "Қазгидрометтің" 2013 жылғы мәліметіне сүйене отырып жасады деп, хабарлайды Алаш айнасы. Республикалық кәсіпорынның мәліметінше, Оралда ауаның ластану индексі нөлге тең, ал Алматы қаласында - 11,5 пункт. Басылым жарияланған инфографикадағы мәлімет бойынша, Екібастұз (1,8), Қостанай (2.0), Павлодар (2,4), Астана және Балқаш (2,9) қалаларында ауа қатты ластанбаған. Ауаның ластануы индексі бойынша әсіресе Алматымен қатар, Шымкент (8,6), Өскемен (7,6), Тараз (7,4), Қарағанды (7,0), Теміртау (6,9) және Жезқазған (6,5) қалалары қатты ластанған.