Пушкиннің ұрпағы атасын қорлаған жарнама агенттігін сотқа бермек
2014 ж. 29 қазан
2557
0
Александр Пушкиннің ұрпағы Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігін сотқа бермекші. Атасын қорлаған агенттіктен ол да есесін қайтармақ.
Бұл туралы 365info.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ұлы орыс ақынының шөпшегі Александр Алексдрович Пушкин Бельгиядағы А.С.Пушкин қорын басқарады. Ол өзінің атасы мен даңқты қазақ күйшісі Құрманғазының сүйіскен суретін салған агенттікті сотқа беретінін айтқан.
"Жасырмаймын, Бельгиядан мұны істеу қиын соғары сөзсіз. Алайда, мен адвокат табамын. Елшіліктен мұны істеудің ретін сұрастырамын. Әлгі суретті көргенде менің көңілім түсті. Әйелдерді сонша жақсы көрген атам туралы мұндай сурет салғаны үшін қатты ренжулімін", - деді телефон арқысы сұхбат берген ақынның ұрпағы.
Пушкиннің шөпшегі атасының гей болмағанын, тек қана әйел затын сүйгенін бұрын да айтқан болатын.
Еске сала кетейік, кеше Құрманғазы атындағы консерватория студенттері Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінен 34 миллион теңге өндіріпалды.