Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіргендер 34 млн теңге төлейтін болды

0
833

Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған атышулы постердің авторларына қатысты сот үкімі шықты. Қоғам наразылығын тудырған суретті салғандар Құрманғазы атындағы консерваторияға 34 миллион теңге төлейді.

Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіргендер 34 млн теңге төлейтін болды
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Сонымен қатар, пост авторлары республикалық БАҚ арқылы кешірім сұрауға міндетті.

Еске сала кетейік, «Студия 69» гей-клубын жарнамалаған постер 24 тамыз күні әлеуметтік желілерге шыға бастаған. Екі тұлғаның сүйісіп тұрған суреті ел арасында үлкен наразылық тудырған болатын.

Дереу көтерілген халық жарнама агенттігін сотқа беріп, агенттік директоры Дария Хамитжановаға айыппұл салынған.

Осыдан соң, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері мен оқытушылары моралдық шығынды өндіріп алу туралы шағым түсіріп, жарнама агенттігінен 34 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етті.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз