Ақтөбеліктер марқұм болған Темірлан Сандыбаевты еске алып, аспанға мың шар ұшырды

Ақтөбедегі Тұңғыш Президент саябағына қалың жұртшылық таңғы 10-нан бастап жинала бастады. Алаңға жиналған жүздеген адам марқұм болған Темірланды еске алып, аспанға шарлар ұшырып, оның ескерткіші үшін ата-анасына ақша жинап берді.

Ақтөбеліктер марқұм болған Темірлан Сандыбаевты еске алып, аспанға мың шар ұшырды Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. Сағат 11-ден кейін аспанға шарлар ұшырылды. Саябаққа Темірланның туған-туыстары да шықты. Олар ақтөбеліктерге көрсетіп жатқан моральдық және материалдық көмектері үшін алғыстарын білдірді. "Біз барлық аудандарды қарап, іздедік. Полиция біздің қозғалысымызды бақылап отырды.Ақыры осындай болады деп ешкім күтпеді. Мыңдаған ақтөбеліктер іздеуге қатысты. Бұл қайғылы оқиға біреудің қайғысы мен біреудің баласы дегеннің жоқ екенін, біздің шынымен бір ұлт екенімізді көрсетті Кішкентай Темірлан бәріміздің басымызды біріктірді"-дейді Жұбанов атындағы университеттің студенті Саламат Болатов. Источник: NUR.KZ