Қытайдан Қазақстанға ағылған келімсектердің саны 19 мыңнан асты

Қытайдан Қазақстанға ағылған келімсектердің саны бүгінгі таңда 19 мыңнан асты. Ағымдағы жылы тек Алматыға аспан асты елінен келген азаматтың саны 18 мыңнан асып жығылды.

 Қытайдан Қазақстанға ағылған келімсектердің саны 19 мыңнан асты Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Олардың 13 мыңнан астамы "жеке шаруаларымен" келсе, 300-ге жуығы біздің елде кәсібін дөнгелетіп, қазақ қыздарына көз қырларын салып жүр. Тіпті некелерін де қиюды көздеп қойса керек.

Сондай-ақ, 244 қытайлық азамат түп - тамырымен Қазақстанға қоныс аударып үлгерді.

"Әйтсе де мұның барлығы елдің әлеуетін арттыру үшін жасалған дүние деп түсінген дұрыс. Алда  сауда айналымын  ұлғайту да  жоспарланып отыр. Мәселен, Қытайға 30% мұнай шикізатын экспорттау көзделуде. Оның ішінде металл өнімдер тағы бар. Ал, олардан келетін тұрмысқа қажетті заттардың көрсеткіші 70%. Осылайша екі ел арасындағы сауда айналымы одан әрі артпақ",- деп хабарлайды Алматы арнасы.

Еске сала кетейік, соңғы кездері қытайлықтардың қазақ қыздарына үйленгісі келетіні туралы жиі айтылып жүр. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, Қытайдың өзінде де белең алып отыр.

Источник: NUR.KZ