Елімізде нәрестелерді тастауға арналған жәшіктер пайда болады

1
2054

Жақын күндері елімізде нәрестелерді тастауға арналған жәшіктер пайда болады. «Бэбибокс» деп аталған контейнер тәріздес темір қораптар перзентхана мен ауруханалардың маңына қойылмақ.Елімізде нәрестелерді тастауға арналған жәшіктер пайда болады

Яғни, жаңа туған сәбиінен бас тартқан кез-келген көкек-ана шырылдаған шарананы көрінген жерге емес, сол «бэбибокстардың» ішіне тастай алады деп хабарлайды КТК арнасы. Билік бұған соңғы кезде қоқысқа тасталып жатқан сәбилер санының артуынан кейін мәжбүрліктен барып отыр.

Қазақстандық көкек-аналардың небір қылықтары шошытады. Біздің елде де соңғы 10 жыл ішінде сәбиінен бас жәй ғана бас тартпай, қоқысқа лақтырып кетіп жатқан тасбауыр ата-аналар саны еселеп артқан.

«Өңкей қоқыс жинайтын нәрселерге, қайда болса сонда тастап кетеді. Қыста подъездің алдына тастап кетеді», – дейді  «Аман-саулық» Қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.

Алматыда ғана бір айда кемі 15 әйел баласынан бас тартады екен. Тұрақты түрде 1-2 шақалақ сасыған қоқыстың арасынан табылады. Бұл тас түйін статистика.

Жантүршіктірер, кейде жылататын оқиғаларды болдырмас үшін бұдан былай елде «Бэбибокстар» қойыла бастайды.

«Баланы анасы келіп, ашылатын есігі болады, сол есікті ашып, сол баланы сол кювезге салады. Сол кювездің ішінде өзінің элементтері бар. Ол 1, 2, 3 перзентханаға қойылуы мүмкін», – дейді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бағдагүл Әбдірасылова.

Жәшікке бала түскен сәтте қондырғы шырылдай жөнеледі екен. Сонда мейірбикелер дереу тастанды баланы ала қояды. Іші – жып-жылы. Ал көкек-аналар баланы көрінген жерге емес дәл осы жәшікке тастағанда, оларды кейін түсіріп алып, әшкерелейді-ау демес үшін бейнебақылау орнатылмайды.

Источник: КТК арнасы

1 Пікір

  1. жетіскен екеміз «Нәрестелерді тастауға арналған жәшік» осындай да бола ма. көбнйіп кетті деп жәшік қойғанша көбейтпеудің жолын неге іздемейміз… жәшік қойып қойсақ баласын тастайтын аналарда қаптар қара құртша,,, оданда баласын тастайтын ана ату жазөасына кесіледі деген үкім шығару керек!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз