Өзеннен табылған бала Темірлан Сәндібаев болып шықты
2014 ж. 24 қазан
3411
2
Ақтөбеде жоғалып кеткен 5 жасар баланың әкесі табылған мәйіттен өз баласын таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақтөбе облысы ІІД өкіліне сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметі бойынша, Темірлан Сәндібаевтың денесін саяжай тұрғындары жергілікті саябақтағы өзеннен тапты. Денеде зорлық белгілері болмаған. Жергілікті тұрғындар дереу полиция шақыртқан. Полицейлер баланың үстінде жоғалған күні болған киім екенін анықтады. Темірлан Сәндібаевтың әкесі оның денесін таныды.
Бала осы жылдың 10 қазанында жоғалып кеткен. Ол Өтемісов көшесі бойындағы №167 үй маңында ойнап жүрген. Анасы оны үй ауласына ойнауға жіберіп, сосын 15 минутқа үйге кіріп кеткен. Аулаға қайта шыққан ол баланы таппаған. Баланы іздеуге полицияның 1500 қызметкері, 800 студент және 100 әскери қызметкер жұмылды. Жоғалған күні Темірлан Сәндібаевтың суреті қалаға түгелдей ілінді. Адамдар көп жүретін жерлерді полицейлер қарап шықты, мегафон арқылы баланың жоғалғаны жайлы хабарлады. Волонтерлер әлеуметтік желілер арқылы бір-бірін тауып алып, іздеуге қосылды. "Адам ұрлау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
tengrinews.kz