Орталық Африка елдеріне тағы бір вирус қауіп төндіріп тұр. Бүкіл әлем шулап жүрген Эбола безгегінен бөлек, Африка елдерінде осы жылдың мамырынан бері дәрігерлер 140 адамның Чукунгунья вирусын жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды Informing.ru.Атап айтсақ, бұл вируспен Никарагуа, Сальвадоре, Коста-Рика және Гондурас азаматтары жиі ауыруда. Осыдан кейін Орталық Африка елдерінің көшбасшылары Чукунгунья вирусын тарататын жәндіктермен күресу үшін бар күш-жігерін жұмсамақ.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа вирустың белгілері Денге безгегіне өте ұқсас: адамның денесінде бөртпе пайда болып, кейіннен дене қызуы көтеріледі, жүрек айниды.
Алғаш рет Чикунгунья безгегі 1952 жылы Танзания аумағында анықталған. Сол уақыттан бері вирус Азия мен Африка аумақтарына таралып үлгерген.
bnews.kz