Қарағанды тұрғыны 13 жасар қыздың пәктігін 130 мыңға сатпақ болды
2014 ж. 23 қазан
2225
4
Қарағанды соты заңсыз бизнесті кәсіп еткен қала тұрғынын 9 жылға жалпы режимдегі колонияға қамау туралы үкім шығарды. Ол қыздардың пәктігін сатып, пайда таппақ болыпты.
Бұл туралы Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап bnews.kz хабарлайды.
49 жастағы Евгений Цыплаков 19 жастағы танысы Елена Денисюкпен бірлесіп, 13 және 14 жастағы қыздардың пәктігін сатып, ақша таппақ болғанда қолға түскен.
"Тексеру кезінде мектеп оқушыларының әдепті отбасыдан шыққандығы анықталды. "Әй" дейтін әже болмай, бұғанасы бекімеген өрімдей жастар үйінен жиі қашуды әдетке айналдырған. Ұрымтал сәтті тиімді пайдаланған Елена Денисюк қыздармен танысып, жеңіл жолмен ақша табудың жолын ұсынады. Сөйтіп, ол келісімін берген қыздарды Евгений Цыплаковтың үйіне алып келіп, "тірі тауарға" клиент іздей бастайды", - дейді құқық қорғау қызметкерлері.
Полиция өкілі клиент ретінде қылмыскерлермен жолығып, 130 мың теңгеге қыздардың бірін сатып алатын болып келіседі.
Сонымен, жедел әрекет еткен мекеме қызметкерлері көп ұзамай "кәсіпкерлерді" қолға түсіреді. Қарағанды соты Евгений Цыплаковты 9 жылға жалпы режимдегі колонияға, ал оның сыбайласы Елена Денисюкті 5 жылға қамау туралы үкім шығарды.
Евгений Цыплаков бұған дейін де жезөкшелікті ұйымдастыруға қатысты баппен сотты болып, шартты жазаға тартылған.