Биылғы қажылық маусымында Сауд Арабиясына қажылыққа келген араб елдерінің 130-дан аса қажысы қайтыс болды. Бұған жастарының ұлғаюы мен түрлі сатыдағы ауруларының асқынуы себеп болып отыр деп мәлімдейді Халықаралық ислам жаңалықтары агенттігі.
Агенттіктің мәлімдемесіне сәйкес, қаза болғандардың көбі – 14 адам Мысыр елінен екен. Сондай-ақ, қасиетті шаһарға ұлы сапарға келіп, дүниеден озғандардың қатарында Ирак, Алжир, Судан, Марокко, Сомали, Йемен, Иордания мен Мавритания елдерінің қажылары да бар.
Ал, дәл қазіргі уақытта 213 қажы Сауд Арабиясының емханасында ем алуда. Биылғы қажылыққа араб елдерінен 265 қажы келсе, Қағбаны тауап етуге келген әлем мұсылмандарының саны – 2 млн.
Мәлімет көзі: muslim.kz