Қазақстанның жылу өндіруші компаниялары Ресей бақылауына өтуі мүмкін

Еліміздің солтүстігінде орналасқан энергожылыту компаниялары Ресейдің бақылауына өтуі мүмкін. Ресейліктер Қазақстан солтүстігіндегі компанияларды өз қатарына қосуға мүдделі.

Солтүстіктегі жылу өндіруші компаниялар Ресей бақылауына өтуі мүмкін Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне Астанадағы сенімді дереккөзі хабарлапты. Бұл жерде әңгіме Павлодар мен Петрповалда электр және жылу энергиясын өндіріп, Астанаға жеткізетін ірі компаниялар жөнінде болмақ. Нақтылап айтар болсақ, Орталық Азия жылу энергетикалық корпорациясы құрамына енетін "Солтүстікқазэнерго" АҚ, "Павлодарэнерго" АҚ және "Астанаэнергожеткізу" ЖШС ресейлік компания қарамағына өтуі мүмкін. "Қазір ресейлік компаниялардың бірімен келіссөздер жүргізілуде, бұл компания аталған мекемелерді сатыңдар деп қолқалап отыр", - дейді Астанадағы дереккөз. ҚазТАГ  агенттігінің хабарлауынша, аталған мекемелер Орталық Азия жылу энергетикалық корпорациясына (62%) тиесілі. Ал компанияның қожайындары - қазақстандық кәсіпкерлер Александр Клебанов (31%), Еркін Әмірханов (31%), Сергей Кан (31%) және Гүлнара Артамбаева (7%). Алғашқы үшеуі Ақмола облыстық электржүйесі компаниясының иегерлері саналады. Айта кетейік, Екібастұздағы ГРЭС-те электр энергиясын өндіру ресейлік РАО ЕЭС компаниясымен байланысты. Өйткені, аталған компанияға акцияның жартысы тиесілі.
Источник: NUR.KZ