Ресей азаматы Қазақстаннан 1 тоннадан астам арақ өнімдерін заңсыз алып кетпек болған

Жәнібек шекара отрядына қарасты «Шоңғай» заставасының шекарашылары 190 жәшікке салынған 1 тоннадан астам (1150 литрден астам) заңсыз арақ өнімдерімен 51 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. ресей20140929112505«Ұсталған азамат «УАЗ» көлігін мініп, елімізден Ресей жеріне қарай бет түзеп барады екен. Тексере келгенде, жүкке қажетті ілестірме құжаттары болмай шықты», деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен. Сондай-ақ Петропавл шекара отрядына қарасты «Мамлютка» теміржолдық өткізу-бақылау бекетінің шекара наряды «Бішкек-Екатеринбург» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар пойызын қарау кезінде жолсеріктер купесіндегі 3-ші сөреде жатқан төсек-орын салатын қапшықтар мен қораптан ешқандай құжатсыз 4000 дана темекі өнімдерін тапты. Нәтижесінде Қырғызстан азаматы болып табылатын вагонның жолсерігі ұсталды. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. inform.kz