Ағалы-қарындасты бүлдіршіндер жанартау атқылауының құрбаны болды

Сицилия аралындағы Макалубе ди Арагона табиғи қорығында шағын жанартау күтпеген жерден атқылап, 7 жасар қыз бен оның 9 жасар ағасының өмірін қиды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. ЖАНАРТ20140929084504Олар саябаққа лайы ағатын жанартауды тамашалау үшін әкелерімен бірге еріп келген. Тоғыз жасқа толған бала туған күнінде осындай эксурсияны "сыйға тартуды" сұраған. Жанұя мүшелері лай мен топырақ араласқан көшкін атқылаған кезде кратерлердің бірі орналасқан төбеде болған. Салдарынан екі бала да мерт болды, ал әкелері аман қалған. Жергілікті прокуратура оқиғаға байланысты тергеуді бастады. Қорық уақытша жабылды. Тергеушілер саябақта қауіпсіздік шараларының қаншалықты сақталғанын тексереді.

ҚазАқпарат