Алматы қалалық Салық департаменті таратылды

Алматы қалалық Салық департаменті мен Кедендік бақылау департаменті біріктіріліп, Мемлекеттік кіріс департаменті болып қайта құрылады. Бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №933 «Қазақстан Республикасындағы мекемелер мен орталық атқару органдары туралы» Қаулысына сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті таратылып, ҚР Кіріс комитеті болып қайта құрылған болатын.