Ерте жастан сыра ішіп көрген адамның жас өмірі өкінішпен өтеді - ғалымдар зерттеуі

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 14 жасында сыра немесе қызыл шарапты ішіп көрген адам жасына жетпей соған тәуелді болып, маскүнемдік ауруына шалдығады, деп жазады The Daily Mail.
Ақпарат көзінің жазуынша, ғылыми зерттеудің қорытындысы да осы түйінге тірелген: яғни, маскүнемдікке шалдығу адамның ішімдікке әуес болған алғашқы кезеңіне де байланысты. Сондықтан оған тіпті, әуес болмау керек, дейді ғалымдар. Мамандар 295 жасөспірімді арнайы сынақ мерзіміне алып, бақылаған. Олардың барлығы 16 жасқа дейін арақ-шараптың дәмін татып көрген. Сынақ мерзімінде жастардың ішімдікке тәуелділігі адам шошытатырлық нәтиже көрсеткен. Кейбірі жасына жетпей салынып ішуге бейім болған. «Егер адам ерте жастан арақпен ауызданса, ол жасына жетпей маскүнем болады», делінген мақалада. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, арақпен «өмірін бастаған» адамның тағдыры аянышты аяқталады. ҚазАқпарат