Қарағанды облысының экс-әкімі қамауға алынды
2014 ж. 26 қыркүйек
2374
7
Мемлекеттік тіл сотта сұранысқа ие болуда…
Қазір әкімдердің де, министрлердің де қамалып та, сотталып та жататыны таң болмай қалды...
Бүгін қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды деп айыпталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қамауға алынды. Қарағандының бұрынғы әкімі ҚР ҚК 307-бабы - «Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» бойынша айыпталып отыр. Бауыржан Әбдішев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын, сондықтан үйін кепілдікке қою арқылы босатуды сұраған. Бірақ бұнымен сот келіспеді. «Бауыржан Әбдішев екі айға қамауға алынды», - деп сот қаулысымен судья Бақыт Ахметова таныстырды. Тергеуші оқыған тұтқындау туралы санксия қаулысы орысша жазылып, куәгерлер де орыс тілінде жауап беріп жатса да, Бауыржан Әбдішев қазақ тілінде жауап беруді сұраған. Аудармашы шақыртылып, аударма жасалды. Бауыржан Әбдішевтің еңсесі түсе қоймаған еркін көрінді. Ақ болса, Алла қолдар, айыпты болса, қолымен істегенін мойнымен көтереді. Сөйтіп, тұңғыш рет сотта жоғары деңгейде қазақ тіліне сұраныс болды. Мемлекеттік тіл көптеген мемлекеттік мекемелерден гөрі сотта қолданыла бастады...qazaquni.kz