Шымкентте қажылыққа баратындардың діни сауатын артыру үшін, арнайы курстар ашылды. Мұндай шара ел аумағында тұңғыш рет қолға алынып отыр. Игілікті іске мұрындық болған облыстық орталық мешіттің дінбасылары. Айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан екі мыңнан астам жамағат мұсылманның Ұлы парызын өтеп қайтуға ниет етіп отыр, деп хабарлайды E-islam.kz.
«Ұлы парызды өтеудегі кейбір шарттарды білу – Алла алдындағы құлшылықтың толық өтелуіне сеп болады», - деген дін өкілдері қажылық сапарындағы ережелерді жамағатқа арнайы түсіндіріп жатыр. Парызын өтеушілер үшін бұл сабақтың маңызы бөлек.
Үлкен сапар алдында беріліп жатқан басты кеңестердің бірі – Ихрам, яғни киімге қатысты болды. «Өйткені, бұл сапарда орындалатын басты үш парыздың бірі – Ихрамды дұрыс орындамаған жағдайда, айыппұл төлеу міндеттеліп жатады», - дейді ұйымдастырушылар.
Кезінде қажыларымыз тарапынан түсінбестіктер туындап, келеңсіз оқиғалар болған. Енді сондай оқиғалар болмау үшін, қажыларға алдын ала дайындық ретінде осы курс ұйымдастырылып отыр.
http://bnews.kz/kk/news/post/227210/