«Елге келіп – еңбегі жанғандар»

2014 жылдың 30 тамызында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Белое селолық округінде «Елге келіп – еңбегі жанғандар» атты оралмандар форумы өтті. Форумға мекеме және бөлім басшылары қатысып, жергілікті халық тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және консультативтік кеңес берді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралмандар форумында концерттік бағдарлама, көрме және түрлі сайыстар өткізілді. Жеңімпаздарға әртүрлі сайыс түрлерінен және номинациялар бойынша аудан әкімінің серитификаттары және мадақтау қағаздары табысталды. Сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар берілді. Мәнерлеп оқу бойынша 1-орын иегері Беденқызы Рана, аудан сертификатымен марапатталды. Мейрамхан Ғалия үздік мұғалім атанды. Елімізге шетелдерден оралған қандастарымыздың басын ұйыстырып, осындай игі шаралар ұйымдастыру жақсылықтың белгісі, өзге елдерде түрлі себептермен қалып қойып жатқан бауырларымыздың елге орлауына бірден-бір ынталандыру болмақ.

http://bnews.kz/kk/news/post/226986/