Мыңнан астам мүгедекке кәсіптерін ашуға мүмкіндік жасалды

Биылғы жылдың басынан бері мыңнан астам мүгедек кәсіпкер «Даму-көмек» бағдарламасы аясында көмек алды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі «Даму» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға арналған «Даму-көмек» бағдарламасының қорытындысы бойынша 1400 өтініштің 1080-нен астамы мақұлданған. Мекеме мамандарының есебі бойынша Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстарының мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлері көш бастап тұр екен. «Даму» қоры мүгедектерге қаржылай көмек көрсетпейді. Тек мүгедек кәсіпкерлер мен әлеуетті демеушілер арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарып, қажетті құрал-жабдықтар мен ілеспе материалдарды сатып алуға жәрдем береді.

www.bnews.kz