Қайтыс болған адамдарға "жәрдемақы" төлене ме?!.

БҚО Жаңақала ауданы прокуратурасы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы аудандық бөлімшесінде өрескел заңбұзушылықтың орын алғандығын анықтады.

БҚО-да қайтыс болған адамдарға

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, лауазымды тұлғалардың кінәсінен қайта есептеудің жүргізілмеуіне байланысты 5 тұлғаға 72063 теңге жәрдемақы төленбеген. Есесіне қайтыс болған екі азаматтың есепшотына 56683 теңге жәрдемақы аударылған. Қазіргі кезде берілмеген жәрдемақыны төлеу, сондай-ақ негізсіз төленген қаражатты қайтару туралы ұсыныс енгізіліп, ол қаралу сатысында.

Источник: ИА "Казинформ"