Мұсылмандарды жерлейтін жер табылмай тұр...
2014 ж. 14 тамыз
1512
0
Финляндияның Уусимаа аймағындағы мұсылмандар о дүниелік болғандарды қоятын жер таппай дал. Қаншама жылдар бойына лютеран шіркеуінің моласына мұсылмандарды жерлеп келген фин мұсылмандары 2008 жылдан бермен қарай мұсылмандар қорымына лайықты жер іздеумен келеді.
![]() |
|
Фото: silkroadadventures.info |
Алты жылдың ішінде Финляндияның оңтүстігінде орналасқан Уусимаа облысына қарасты жалпы саны 16 қала мен елді мекеннің мұсылмандары осы сұраныспен билік алдына жиі барыпты деп хабарлайды BNews.kz E-islam.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда, әзірге нәтижесі болмай тұр. 5,2 млн финляндиялықтың 40-45 мыңы исламды ұстанады. "Islam-today" ақпараттық порталының хабарлауынша Фин еліне ислам 19 ғасырда Балтық жағалауын жайлаған татарлар арқылы тараған.
Олар мұнда сауда ісімен және сарбаз ретінде келген деседі. Соңынан олар өз отбасыларын да көшіріп алған.
