Қалдық тасушы жүк көлігі ондаған көлікті соғып кетті (фото)
2014 ж. 31 шілде
2492
0
Бүгін Алматыда болған ірі жол апатынан 11 көлік пен 3 адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты.
Столкновение Audi 80 и ГАЗели в Алматы
Столкновение Audi 80 и ГАЗели в Алматы
Столкновение Audi 80 и ГАЗели в Алматы
Столкновение Audi 80 и ГАЗели в Алматы

Оның айтуынша, оқиға Рысқұлов пен Күдерин көшелерінің қиылысында орын алған. Hyundai маркалі тұрмыстық қалдық тасушы жүк көлігі жолындағы ондаған көлікті сүріп кеткен.
Жүргізушінің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші жұмыс істемей қалған көрінеді. Жол апатынан зардап шеккен Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен оның әйелі ауруханаға жеткізілді.
Тағы бір адам медициналық көмек алған соң үйіне жіберілді. Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.