Әйеліңе тіл тигізсең, үш тәулікке қамаласың!..
2014 ж. 29 шілде
1492
0
Павлодар облысында Ақтоғай аудандық соты мас күйінде бірге тұратын әйеліне тіл тигізген А. есімді азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарлады pavlodarnews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
![]() |
|
Фото: lady.nur.kz, ссора |
Оған қоса ер азамат күш қолданатынын айтып қорқытқан. Сот отырысында ол өз ісін толық мойындап, өкінетінін білдірді.
Аудандық сот бұл іске қатысты айыптыны ҚР ӘҚБтК-нің 79-5-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, үш тәулікке қамау жазасын қолданды.
