Полицей 23 жастағы қызды өлтірді деп айыпталды!..
2014 ж. 29 шілде
3539
4
Қызылорда облысы Шиелі ауданының 23 жасар тұрғынын өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері қолға түсті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық прокуратура басқармасының басшысы Ерлан Қожановқа сілтеме жасап.
![]() |
|
Полиция. Фото: azh.kz |
Тергеуді облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы жүргізуде. Әзірге, тергеу мүддесіне қарай қылмыс тұрмыстық жанжал барысында жасалғаны ғана айтылуда.
Сондай-ақ, аталған іс бойынша бас күдікті 45 жасар полиция қызметкері екені белгілі болды.
Қазір күдікті Шиелі аудандық сотының шешімімен қамауға алынды. Оған адам өлтірді деген айып тағылған.
