Суда жүзу адамды бақытты қылады

Суда жүзу көңіл күйді көтеріп, ұйқыны жақсартады, деп жазады шетелдік БАҚ. Бассейнге жиі бару адамның денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар бақытты қылатын көрінеді.

Мамандардың төрт апталық зерттеуі барысында бассейнде жүзу кезінде адамдардың көңіл күйі 35 пайызға артатындығы анықталған. Сондай-ақ ұйқысы жақсарады, күш-қуаты арта түседі.

Бір апталық зерттеудің өзінде-ақ тәжірибеге қатысушы адамдардың көңіл күйі 20 пайызға жақсарғаны байқалды.

Миннесота Университетінің мамандарының айтуынша, жас кездегі кез келген аэробикалық жаттығулар - суда жүзу, жүгіру, велосипед тебу, миды қартаюдан сақтайды.

Бұл жаттығулар ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322039.html

ҚазАқпарат