7-сынып оқушысы мектеп ауласынан мас күйінде табылды
2014 ж. 09 шілде
1542
0
Қарағанды облысында орта мектептің ауласынан жетінші сыныпта оқитын қыз бала алкогольден есінен танған күйінде табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
13 жастағы қызды Қарқаралы тұрғындары мектеп ауласынан тауып алған. "Жедел жәрдем" дәрігерлері қыз баланың алкогольді комаға түскенін анықтады.
"Кома жағдайына дейін мас болған оқушы Қарқаралы аудандық ауруханасының токсикология бөлімшесінің жан сақтау бөліміне жатқызылды. Оқиғаның жай-жапсарын полицейлер анықтайды", - деп хабарлады дәрігерлер.
Қарқаралы аудандық білім бөлімінің мамандары оқушының мектеп ауласында түнгі мезгілде болғанын хабарлады.
"Мектеп жұмыс істемейді, қазір жазғы каникул болғандықтан, онда балалар сабақ оқымайды. Мас оқушының табылғаны бірінші рет болып отыр, біз оның ата-анасымен және оған ішімдік ішкізген адамдармен әңгімелесетін боламыз", - дейді білім бөлімінің өкілдері.
Бейресми мәлімет бойынша, мас болған оқушы зорланған.