Масаң қыз Бақтиярды балағаттап, қол жұмсаса да чемпион сабыр сақтаған...
2014 ж. 05 шілде
3335
8
Куәгерлер: "Бақтияр қызға қол көтерген жоқ!"

Ал, екінші қарауыл Ертуған Бижанов болса Айсұлу Ибрашева мен Бақтияр Артаевтың арасында не болғаны есімде жақсы сақталып қалды дейді. Оның айтуынша, боксшыға бойжеткен балағат сөздер айтып, мазасын алған. "Біздің қызметкерлер кейін ол қыздың Бақтиярды тепкендігін айтты. Ал, ғимаратты тастап шыққан кезде артынан барып тағы ұрды. Айғайлап балағаттағаны тағы бар. Кейін жігіттердің бірі келіп бойжеткенді ішке қарай алып кетті. Ал, Бақтияр өз жолымен қайтты. Біз БАҚ беттерінде шығып жатқан ақпараттарды көріп, жағамызды ұстадық, Бақтияр қызға мүлдем қолын көтерген жоқ. Ұрған болса көретін едік қой. Оның үстіне бойжеткен масаң күйде еді. Шынымды айтсам, ондай балағат сөздерге мен шыдай алмас едім, бұрын мұндай жаман сөздерді естімегенмін. Ал, Бақтияр сабыр сақтады. Боксшыны қорғап тұрғаным жоқ, ол маған ешкім емес. Мен тек болған жайтты айтып отырмын" дейді ол.
baq.kz
*Тақырып өзгертілді