Жарылқап Қалыбай да соғыс ардагерлерінің үстінен шағым түсірмек
2014 ж. 30 маусым
1902
0
Гитлер туралы мақала жазды деп сотқа жүгінген шағымданушылардың өздері заң алдында жауап беруі мүмкін.
"Аңыз адам" журналына қатысты азаматтық іс Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотында бір айдан бері қаралуда. Басылымның Гитлерге арналған санына наразылық танытып, 50 миллион теңге талап еткен ардагерлер сот алдына нақты дәлелдер келтіре алмады.
Бұған қоса, өздерін жәбірленуші санаған ардагерлер тарапы журналдың редакторы жария түрде кешірім сұрауын талап еткен. Ардагерлердің атынан сотқа қатысып, 50 миллион теңге талап еткен заңгер Нұртас Ахметов бұл жолы да сотқа жалғыз келді.
Соттың соңғы шешімі 30 маусым күні белгілі болмақ. Ал жиі-жиі жауапты болып, сотқа тартылған Жарылқап Қалыбай мырза осы іс аяқталса, қарсы тараптың үстінен қылмыстық шағым түсіремін дейді.
"Аңыз адам - Жұлдыздар отбасы" журналының редакторы Жарылқап Қалыбай: "Сотқа біреуі де келмейді. Олар журналды оқыды ма, оқымады ма белгісіз. Тіпті, 5 миллион туралы да хабарсыз. Демек, оларды арандатып отыр Нұртас Ахметов сияқтылар", - деді отырысқа қатысты.
31 арна
тать полностью: http://news.nur.kz/kk/319723.html