Қарағандыда полициядан қашқан ер адам басынан айырылды
2014 ж. 26 маусым
1405
0
Қарағандыда жол-патруль полициясынан қашқан ер адам апатқа ұшырап, басынан айырылды. Төтенше оқиға сағат 10:00 шамасында Михайловка ықшам ауданында болды.
Жол-патруль қызметінің экипажы жылдамдығын асырған Suzuki Vitara автокөлігінің ізіне түскен, деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Соңына түскен полицейлерден қашқан автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың жиегіне аударылды. Ер адамның басы жұлынып қалды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімінің өкілдері.
Полицияның мәліметінше, автокөлік екі рет аударылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші салоннан ұшып кетті. Ол тасқа соғылып, басынан айырылды.
Бұл оқыс оқиға бойынша тергеуалды тексеріс жүргізілді. Жүргізушінің аты-жөні анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, 2012 жылы Өскеменде жаяулар жолынан өтіп бара жатқан адамды жүк көлігі қағып кеткен еді. Көлік соқысы ер адамның басын жұлып кетті.