Қарағанды облысында аудан экс-прокурорының жұбайына оқ атқан
2014 ж. 17 маусым
1572
0
Қарағанды облысында Ақтоғай ауданының ауруханасына аудандық прокуратураның бұрынғы басшысының жұбайы жеткізілді.
"Біз оны орманды жерден алып кеттік, ол онда кеше жұбайы және достарымен демалуға барыпты", деп хабарлады дүйсенбіде облыстық "Жедел медициналық жәрдем" облыстық орталығынан.
Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр, көп қан жоғалтқан.
Ақтоғай ауданының қазіргі прокуроры Ғалымжан Мұкановтың айтуынша, ол аудандық прокуратураның бұрынғы басшысының жұбайы.
"Әйелдің аудандық прокуратураның бұрынғы басшысының көзінше жарақат алуы жұбайының қылмысқа қатысы бар, дегенді білдірмейді. Әйелдің жағдайы ауыр, бірақ ол өзіне оқты өзінің атқандығын түсіндірді. Олар ренжісіп қалған, сосын ол қолына қару алған", деді Ғ.Мұқанов.
Оның айтуынша, бұл факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.
"Интерфакс" ақпараты