Қарағанды облысының әкімі ардагерлерге берген сөзінде тұрмады!
2014 ж. 12 маусым
1727
0
Қарағандылық соғысы ардагері Григорий Степенко қалалық коммуналдық компаниялар алдап кетті деп шағымданып отыр. Оның айтуынша облыс басшысының "ардагерлерге коммуналдық қызмет тегін болады" деген уәдесіне қарамай монополистер телефонын өшіріп тастапты.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы ақпан айында Қарағанды облысының әкімі мен облыс компаниялары арасында меморандум бекіп, наурыз айынан бастап соғыс ардагерлері коммуналдық төлемдерден босатылған еді.
Қарияның бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Ардагерлер кеңесінен бастап, "НұрОтан" партиясына дейін шағымданған. Ал телефон қызметін ұсынатын компанияда "бізде бұған қатысты ешқандай нұсқау жоқ" - деп шығарып салыпты. Облыстағы өзге зейнеткерлердің де жағдайы осындай.
"Бізді алдап кетті. Неге дейсіз бе? Өйткені газетте Қарағанды облысында тұратын барлық отан соғысы ардагерлері босатылсын деп жазылған", - деп шағымданады Григорий Степенко.
Облыстық әкімшіліктің мамандары болса телефон - коммуналдық қызмет түрлеріне жатпайды деп мәлімдеді. Одан бөлек көгілдір отын да қарияларға тегін берілмейді екен.
"Телефон - коммуналдық қызметке кірмейді. Коммуналдық қызметтерге - жарық, жылу, ыстық және суық су, кәріз жүйесі, қоқыс тастау мен лифт жатады. Меморандумға ілікпеген қызметтер үшін субсидия қарастырылған", - дейді шенеуніктер.
Ай сайын зейнетақыға 27 мың теңгеден аса қаражат қосылады екен. Айта кетейін, қазіргі таңда облыста 432 соғыс ардагері тұрады. Жыл басында ғана олардың саны 465 адам болатын.
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/317352.html
NUR.KZ